Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы «30» маусымдағы № 6-3/597 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердің су беру жөніндегі көрсететін қызметтер құнын өтеуге субсидиялар алуына арналған электрондық өтінімі веб-портал (Qoldau.kz) арқылы қабылданады.
2021 жылға арналған суаратын су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған ай сайынғы өтінімдер ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап қабылданады.
«Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, су шаруашылығы бөлімінің тел. 8(7282) 32-90-91; басқарманың қабылдау бөлмесінің тел. 8(7282) 32-96-94.