Fingramota.kz – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған арнайы жобасы.
Агенттік www.fingramota.kz. оқыту интернет-ресурсының жаңартылған нұсқасын іске қосты. Интернет-ресурстың жаңа нұсқасының артықшылықтары жарқын, заманауи дизайн және ыңғайлы навигация болып табылады. Интернет-ресурстың мобильдік нұсқасы мен іздеу жүйесі, сондай-ақ дыбыстық көмекшісі бар, көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа жақсартылды.
«Біз жаңа үрдістерді қадағалап, ең ыңғайлы интерфейспен, қызықты және пайдалы ақпаратпен www.fingramota.kz интернет-ресурсының жаңа нұсқасын жасауға тырыстық. «Жаңалықтар» бөлімінде интернет-ресурсты пайдаланушылар үшін қаржы реттеушісінің қызметі, қаржы нарығындағы ахуал, заңнамалық бастамалар және Қазақстанның қаржы заңнамасындағы өзгерістер туралы жедел ақпарат әрқашан қолжетімді», - деп атап өтті Агенттіктің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.
Сондай-ақ, интернет-ресурстың жаңартылған нұсқасында 8 тақырыптық бөлім ұсынылған:
Тақырыптық бөлімдерде қаржы институттары және олар ұсынатын өнімдер, оларды пайдалану дағдылары, жеке бюджетті сауатты басқару қажеттілігі, қаржы құралдарына инвестициялаудың тәуекелдері мен артықшылықтары, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау әдістері туралы қолжетімді тілде жазылған материалдар, сондай-ақ өзін және жақындарын қаржылық алаяқтардан және қаржы пирамидаларынан қалай қорғау керектігі туралы Агенттіктің ұсыныстары орналастырылған.
Сонымен қатар, интернет-ресурстың бастапқы бетінде қаржылық сауаттылық және халықты қаржылық алаяқтардан және қаржы пирамидаларынан қорғау бойынша оқыту бейнероликтері бар бейнежолақ пайда болды.
Анықтама үшін: www.fingramota.kz оқыту интернет-ресурсы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.05.2020 жылғы №338 қаулысымен бекітілген Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде жаңартылды.
Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:
+7 (727) 237 1222
e-mail: Fingramota@finreg.kz