Алматы облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология департаментінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі алқа отырысының қорытындысы бойынша мәжіліс өтті.
Министр Б.Т. Сұлтанов Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, Техникалық реттеу және метрология және Тұтынушылардың құқығын қорғау Комитеттерінің қызыметтерінің нәтижелері жария етті, онда барлық бағыттар бойынша алға қойған мақсаттарға қол жеткізілгені айтылды, бірақ сонымен бірге сол бағыттар бойынша жұмыс істеу және олардың орындалуын күшейту қажет екендігін айтты.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы А.Д.Әбеновтің сөзі де мұқият зерделеніп, онда аумақтық департаменттердің нәтижелері мен мақсат-міндеттері мен 2021 жылға арналған міндеттері жария етілді. Отырыста сөз сөйлеген Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Әбенов А.Д. техникалық реттеудің басты мақсаты өнімдер мен қызметтердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Халықаралық тәжірибеде сауданы дамыту және ішкі нарықты қорғау үшін техникалық реттеу құралдары белсенді қолданылады. Өз сөзінде 2020 жылдың 30 желтоқсанында «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жаңа редакцияда қабылданғаны және 43 заңға тәуелді актілерді әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығы атап өтілді. Осы мақсатқа жету үшін кәсіби кадрлар мен жеткілікті техникалық жабдықтар болуы қажет. Сонымен қатар, «Сәйкестікті бағалау туралы» Заңды әзірлеу жоспарлануда.
Сонымен бірге, отандық өндірушілер мен аккредиттелген ұйымдар үшін қолайлы жағдайлар мен бәсекелестік жағдайларды жасау үшін техникалық регламенттер мен дәлелдемелік базаны (стандарттарды) қайта қарау қажет. Сонымен қатар стандарттау институтын стандарттау саласындағы көшбасшылар деңгейіне айналдыру қажет (BSI, AFNOR, ASTM, DIN). Эталондық базаны метрологиялық қауіпсіздік деңгейінің 100% -на дейін жаңарту және стандарттардың қолдану деңгейін арттыру және техникалық реттеу процестерін цифрландыру қажет.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, кейбір департаменттің қанағаттанарлықсыз жұмысы туралы тапсырмалар мен ескертулерді басшылыққа қабылдады.