Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың қорытындысы

Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ басқарманың Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекеттік органның миссиясы цифрландыру саласында тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу, ақпараттандыру саласында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өңірдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу, байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі болып табылады.

Басқарма өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, сондай-ақ басқа да министрліктер мен ведомстволардың тапсырмаларын жеке және сапалы орындау бойынша қызметті жүзеге асырады.

«Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ өз қызметінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Президенттің 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығын, «Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есебін жасау, ұсыну және қарау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығын, «Қазақстан Республикасында 2019-2021 жылдарға арналған «Бірыңғай кезекшілік – диспетчерлік қызмет-112» құру жөніндегі Жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен бұйрығы және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілері.

Жалпы Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы бойынша келесі жұмыстар жүргізілді.

ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау, сондай-ақ халықпен тікелей кері байланыс үшін тұрақты жұмыс істейтін алаңдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында «Қызмет-109» жобасы іске асырылды.

Талдықорған қаласындағы қоғамдық көлікте 2020 жылдың 25 қарашасынан бастап Азаматтарға жол ақысын төлеудің жаңа цифрлық мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік беретін билеттеудің электрондық жүйесі жұмыс істей бастады.

Smart Data Ukimet жобасы аясында статистикалық ақпараттың салалық тізбесі әзірленіп, бекітілді, ол ашық ақпараттық дереккөздерде МОИП-тағы «Құжаттар кітапханасы» бөлімінде және интернет – ресурстардың бірыңғай платформасының (бұдан әрі-МО ИРБП) ресми парақтарында орналастырылған. Тұрақты негізде ақпараттың орналастырылуына мониторинг және үйлестіру жүргізіледі.

«112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі» (бұдан әрі – БКДҚ-112) жобасын іске асыру шеңберінде бүгінгі күні ғимараттың жөндеу-монтаждау жұмыстары толық аяқталды. Қызметтің диспетчерлік үй-жайы қажетті жабдықпен жарақталған. «103 жедел медициналық қызметінің» барлық қызметкерлері БКДҚ-112 ғимаратына оқытылды және ауыстырылды. Негізгі IP VPN және резервтік арнаны қосу жұмыстары аяқталды. 101, 112 және 102 қызметтерінің қызметкерлері үшін тиісті жабдықтары бар жұмыс орындары ұйымдастырылған және пайдалануға дайын.

Облыста Өңірлік геоақпараттық жүйе (бұдан әрі – ӨГАЖ) әзірленді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру шеңберінде ӨГАЖ арқылы жер қатынастары саласындағы 10 мемлекеттік көрсетілетін қызмет және сәулет және қала құрылысы саласындағы 6 мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық форматқа ауыстырылды, олар облыстық маңызы бар үш қалада (Талдықорған, Текелі, Қапшағай) тестілеуден өтеді. Қалалардың бас жоспарларын енгізе отырып, жер кадастры, сәулет және қала құрылысы дерекқорларын интеграциялау жүргізілді. Бас жоспарларды қабатпен қарау, елді мекендердің аумақтарын, тұрғын және тұрғын емес құрылыстарды, елді мекендердегі қызыл сызықтарды функционалдық аймақтарға бөлу мүмкіндігі ұсынылған. Электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз инженерлік желілерінің, телекоммуникация желілерінің деректері цифрландырылған. Субъектілерді инженерлік желілерге қосуға техникалық шарттар беру процестері және ведомствоаралық келісу процестері автоматтандырылды. Сынақтар мен тиісті жүйелермен қажетті интеграциялардың аяқталуына қарай ӨГАЖ өнеркәсіптік пайдалануға енгізілетін болады. Бұдан басқа, ағымдағы жылы жоғарыда көрсетілген жұмыстарды Алматы агломерациясының аймағына кіретін 5 аудан орталығында (Ұзынағаш, Өтеген Батыр, Қаскелең, Талғар, Есік қалалары) жүргізу жоспарланған. Сондай - ақ, орталық мемлекеттік органдардың деректер базасымен жүйені одан әрі интеграциялау үшін ведомстволық бағынысты мекемелердің орталықтандырылған деректер базасын (ОДБ-білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша автоматтандырылған жүйе) жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл білім беру және спорт саласындағы 12 мемлекеттік қызметті автоматтандыру бойынша жұмыстарды аяқтауға мүмкіндік береді.

 

«Электрондық үкіметтің» архитектуралық порталын (бұдан әрі - портал) жүргізу қамтамасыз етіледі. 2020 жылы порталға қажетті техникалық құжаттамасы, сондай-ақ өндірілген интеграциялардың тізімі бар өңірлік геоақпараттық жүйе (тәжірибелік пайдалануға енгізу актісі, сынақ бағдарламасы мен әдістемесі, әкімші нұсқаулығы, пайдаланушы нұсқаулығы, техникалық тапсырма, бағдарлама сипаттамасы) қосылды.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және байланыс операторларымен бірлесіп, тұрғындар саны 250 және одан да көп ауылдарда интернетке кең жолақты қол жеткізу желісін салу жөніндегі жобаны іске асыру жүзеге асырылуда.

Карантин кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің қашықтан жұмыс істеуі және Мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан көрсету мақсатында мемлекеттік органдардың «интранет-порталының», «Е-әкімдік» және «Е-лицензиялау» жүйелерінің қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.

Басқарма оң нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмыс жүргізді.

ҚР «ақылды» қалаларының ішкі рейтингін анықтау шеңберінде басқармамен цифрландырудың 100-ден астам көрсеткіштерін қамтитын ҚР «ақылды» қалаларын (эталондық стандарт) құру бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес цифрлық бастамаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Талдықорған қаласы республикада 3-ші орында.

Осылайша, «ашық деректер» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды арттыруға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылды. Деректер жиынтығын тұрақты бақылау және уақтылы өзектендіру оң нәтижелерді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және ағымдағы жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша көрсеткіштер:

- тізбеде бекітілген жалпы санынан ЖАО-ның орналастырылған ашық деректер жиынтығының үлесі 100% құрайды;

- бекітілген тізбеге сәйкес порталда орналастырылған ЖАО ашық деректер жиынтығының өзектілік үлесі 100% құрайды;

- порталда жарияланған жалпы санынан ЖАО ашық деректер жиынтығының өзектілік үлесі 100% құрайды.

Бұдан басқа, Алматы облысында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты және халықты ақпараттандыру мақсатында «Алматы облысында енгізілген төтенше жағдайдың іс – шаралары бойынша деректер» атты қосымша ашық деректер жиынтығы орналастырылды.

Сондай-ақ ақпараттық жүйелерді талдау нәтижелері бойынша «Smartgeohub» геопорталы бойынша 4 қосымша жинақ анықталды және орналастырылды (су қоймалары, су тораптары, орман қорының жерлері, жерлер туралы мәліметтер ).

«Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша барынша жоғары көрсеткішке қол жеткізу үшін автоматтандыруға жататын мемлекеттік органдардың функцияларының тізбесі өзектендірілді және қайта бекітілді.

Премьер-министр А.Ұ.Маминнің 21.01.2020 жылғы №17-6/06-290 (1.5 т.) тапсырмасын орындау шеңберінде «Электрондық үкіметті» дамыту және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша облыс әкімдігінің ведомстволық сайттарындағы деректер а. ж. 12 маусымнан бастап интернет-ресурстардың бірыңғай платформасына (МО ИРБП) ауыстырылды.

Штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саны 12 бірлікті құрайды. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша нақты саны - 9 мемлекеттік қызметші. Басқарманың барлық қызметшілерінің жоғары білімі бар, бұл 100% – ды құрайды, бір жоғары білімнен артық - 3 әкімшілік мемлекеттік қызметші бар. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы-31 жас.

Дата публикации
09 февраля 2021
Дата обновления
09 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы