Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың қорытындысы

Халықты жұмыспен қамту

  2020 жылы 48999 жұмыс орындарын жоспарлағанына қарамастан, 60682 жұмыс орындары құрылды немесе жоспар 123,8%-ға орындалды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарының үлесі 55%-ды немесе 33409 бірлікті құрады.

  Жұмыспен қамту органдарына  66728 адам жүгініп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 53684 адам камтылды немесе 80,4%  құрады. 59048 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен 35749 адам қамтылды немесе 60,5%  құрады.

  2020 жылға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын  іске асыру үшін 16149,9 млн.теңге қарастырылды.

  Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 3907 адамды кәсіптік оқытуға 2259,3 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде:

- кәсіптік техникалық оқытуға 1535 адамға 1779,4 млн.теңге;

- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2372 адамға 479,9 млн.теңге. 2020 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2536 адам жіберілді. Оқуды 2408 адам аяқтап, оның 2272-сі тұрақты жұмыспен қамтылды.

  Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 6200,5 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде 1094 адамға 4791,3 млн.теңге шағын несие беру жоспарланған.

2021 жылдың 1 қаңтарына ауылдық жерлерде 1064 адамға 4552,0 млн.теңге, қалада  24 адамға 239,2 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді.

Сонымен қатар, 187 адамға 730,3 млн.теңге қайтарылған қаржы есебінен берілді.

  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 3677 адам  қамтылды (жоспар 2900 адам).

2021 жылдың 1 қаңтарына жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 2403 адамға 1331,0 млн. теңге грант берілді.

  Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 7684,6 млн. тенге бөлінді. Оның ішінде:

- әлеуметтік жұмыс орындарына - 217,4 млн.тенгеге 1010 адамға;

- жастар практикасына - 598,5 млн.тенгеге 1541 адамға;

- қоғамдық жұмысқа - 6868,7 млн.тенгеге 18087 адамға.

  2020 жылдың қортындысы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 1375 адам, жастар практикасына 1932 түлек, қоғамдық жұмыс орындарына 19972 жұмыссыз азамат жолданды.

  Электрондық еңбек биржасына тікелей жұмысқа 15783 адам орналастырылды.

 Жұмыспен қамтудың жол картасы

Жұмыспен қамту жол картасының шеңберінде 1040 жоба іске асырылды. Оның 2021 жылдың 1 қаңтарына 982 объектісінде жұмыстар аяқталды(93,9%, 1046), 58 жоба 2021 жылға көшті.

Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы іске асырылған кезден бастап  19565 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 9524 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы.

Жұмыспен қамту жол картасы жобаларына жұмысқа орналасқандардың орташа жалақысы - 89 280 теңге. Материалдық көмек басқа қаладан келген 38 жұмыскерге 3,2 млн. теңге төленді.

Әлеуметтік көмек

 2020 жылы облыс бойынша аз қамтылған 38,4 мың астам азаматтарға  9 млрд 799,2 млн. теңге мөлшерінде әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Оның ішінде:

- 4265 отбасына 162,8 млн. теңгегетұрғын үй көмегі төленді;

- үйде тәрбиеленетін және оқитын 1814 мүгедек балаға 93,3 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді;

-әлеуметтік мәні бар аурулармен (туберкулез) ауыратын 1300 азаматқа 140,3 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді;

- 68 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет өтемақысына 5,6 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді;

- 12550 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-індегі авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға мерекелік және атаулы күндерге 706,3 млн. теңгеге бір жолғы көмек төленді;

Атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) бюджеттен 8,8 млрд.теңге бөлінді, іс жүзінде 18465 отбасына 8 млрд. 691 млн. теңгеге АӘК төленді.

 Мүгедектерді оңалту бағдарламасы

Облыс бойынша 67 мыңнан астам мүгедек тіркелген. 2020 жылы мүгедектерді оңалтуға 5,2 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде:

-5602 адамды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге 558,7 млн. теңге;

- арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге 2121 адам 1029,7 млн. теңге;

- 4306 протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етуге 303,9 млн. теңге;

- 1972 тифлотехникалық құрал сатып алуға 436,5 млн. теңге;

- 1560 сурдотехникалық құрал сатып алуға 123,1 млн. теңге;

- 5115 гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 671,7 млн. теңге;

- 3416 адамды жеке көмекшілер қызметімен қамтамасыз етуге 1767,7 млн. теңге;

- 453 адамды ымдау тілі мамандарының қызметімен қамтамасыз етуге 159,9 млн. теңге бөлінді;

- оңалтудың техникалық құралдарын сатып алуға 123,8 мың теңге;

- кохлеарлық импланттарға 33 адамды сөйлеу процессорларымен қамтамасыз етуге 161,7 млн.теңге. Бөлінген қаражат толығымен игерілді.

 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

Облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 13 мекеме жұмыс істейді. 2021 жылдың 1 қаңтарына орталықтар қызметімен 2219 адам қамтылды.

Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 46 бөлімшеде 4446 адам қызмет алды.

13 ҮЕҰ арқылы 389 адам арнайы әлеуметтік қызмет алды.

МЖӘ шеңберінде күндізгі болу орталығы арқылы 30 мүгедек бала қызметтермен қамтылды.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-де 93 адам қызмет алды.

«Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ - де 203 адам қызмет алды.

Шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша

"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту" мемлекеттік қызмет www.egov.kz, www.elіcense "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат облысқа бөлінген квота шегінде беріледі.

2021 жылғы 1 қаңтарына   берілген, ұзартылған, қайта рәсімделген рұқсаттардың саны - 880, оның ішінде І санат бойынша - 31, ІІ санат бойынша – 157, ІІІ санат бойынша - 368, ІV санат бойынша - 13, маусымдық жұмыстарға - 102 бірлік, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде-209 бірлік.

Берілген рұқсаттар үшін төленген салық алымы 308,2 млн. теңгені құрады.

2021 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша шетелдік жұмыс күшін тартушы 69 мекеме мен кәсіпорында 751 шетелдік және 13167 қазақстандық азамат еңбек етуде.

 

Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту

«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы арқылы көрсетіледі.

2020 жылы 6695 этникалық қазаққа (3259 отбасына) «қандас» мәртебесі берілді және  503 этникалық қазаққа «қандас» мәртебесі ұзартылды .

Дата публикации
20 января 2021
Дата обновления
20 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы