Меню

Страницы

Статья

Алматы облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін түсіндіру және қолдану бойынша онлайн-семинар өтті

2021 жылғы  қаңтар айында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Талғар ауданының ішкі саясат басқармасымен бірлесіп Талғар ауданының мемлекеттік мекемелерімен және ұйымдарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану, орналастыру және пайдалану бойынша онлайн семинар өткізді.

 

Семинарға қатысушыларға     «Мемлекеттік Туды, Мемлекеттік Елтаңбаны және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 02 қазандағы №873 қаулысына өзгерістер енгізу туралы ақпарат берілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен Мемлекеттік Туын қолдану жөнінде ақпарат берілді.

 

ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» және ҚР СТ 988-2007 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы» атты ұлттық стандарттарға енгізілгені өзгерістер туралы түсіндірілді.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану, пайдалану, орналастыру туралы нлайн-семинар пікірталас режимінде, сұрақ-жауап түрінде өтті. Департамент мамандары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін сатып алу бойынша қойылған барлық сұрақтарға жауап берді. Мемлекеттік рәміздерді қолдануға (пайдалануға және орналастыруға) қатысты барлық сұрақтар бойынша Алматы облысы бойынша техникалық реттеу және метрология Комитетіне жүгін қажет екендігі айтылды.

Дата публикации
03 февраля 2021
Дата обновления
03 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы