Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының аудан, қала әкімдері аппараттының әдеп жөніндегі уәкілдерімен өткізілген жиналыс туралы ақпарат

Уақыт талабы, қоғамдағы үздіксіз жаңғыру үдерісі Әдеп жөніндегі уәкілдер институты қызметінің жауапкершілігін арттыра түсуде.

Алматы облысының әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.Тұрсынбай  ағымдағы жылы 27 қаңтарда «ZOOM» платформасы арқылы аудан, қала әкімдерінің аппаратының әдеп жөніндегі уәкілдерімен «2020 жылдың қорытындысы және 2021 жылда атқаратын  жұмыстар мен міндеттер туралы» жиналыс өткізді.

Ғ.Тұрсынбай өзінің негізгі баяндамасында әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын жетілдіруге бағытталған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде атқарылатын іс-шараларды сапалы, әрі тиімді ұйымдастырып өткізуге назар аударды.

Сеніп тапсырылған қызметті абыройлы орындау әр уәкілдің жұмыс қағидатына байланысты болғандықтан, мемлекеттік қызметтің сапасы да атқарылған жұмыстың нәтижесімен айқындалады.

Жарыссөзде өз пікірін білдірген ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының Алматы облыстық филиалының директоры Қ.Шакишев мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыру, шеберліктерін шыңдау, әдістемелік көмек көрсетудің маңызы зор екенін айтты. Алдымызда кәсіби мемлекетті қалыптастырып, стратегиялық мемлекет құру, одан инновациялық мемлекет құрудың кезеңдері тұрғандығын айта келе алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Өз кезегінде сөз алған Алакөл ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Б.Сүлейменов жоспардың жеке тармақтарындағы  тимбилдинг, тайм-менеджмент әдістерін дұрыс қолдана отырып, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын арттыруға бағытталған ойларымен бөлісті. Жиналыс соңында Ғ.Тұрсынбай аудан, қала әкімі аппараттарының  әдеп жөніндегі уәкілдеріне осы бағыттағы жұмысты күшейтіп, көзделген іс-шараларды мерзімінен кешіктірмей, үнемді әрі тиімді ұйымдастырып өткізуді тапсырды.

 

Дата публикации
27 января 2021
Дата обновления
27 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы