Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 22 шілдесіндегі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен шетелден келген этникалық қазақ ұлт өкілдеріне «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсетеді.
Облыс аумағына 1991 жылдан 2019 жылдар аралығында 65568 отбасында 206617 этникалық қазақтар көшіп келіп қоныстанды.
Ал, 2021 қаңтарына 6695 этникалық қазақтарға (3259 отбасына) «оралман» мәртебесі беріліп, оның 100 пайызы Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы арқылы жүзеге асырылады.
Оның ішінде:
- Өзбекстаннан 690 отбасы, 1083 адам;
- Түркиядан 3 отбасы6 3 адам;
- Түркменстаннан 26 отбасы, 54 адам;
- Тәжікстаннан 4 отбасы, 4 адам;
- Ресейден 11отбасы, 16 адам;
- Монғолиядан 54 отбасы, 93 адам;
- Қырғызстаннан 13 отбасы, 19 адам;
- Қытайдан 2429 отбасы, 5374 адам;
- Басқа ТМД мемлекеттерінен – 1 адам, 1 отбасы;
- Басқа алыс шетелден 18 отбасы, 35 адам.
Жоғарыдағы көрсетілген нормативтік-құқықтық актілердің сәйкес этникалық қазақтар оралман мәртебесін ұзарту үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алып, бұрын алған оралман мәртебесінің мерзімі тоқтатылған күннен кейін 6 ай мерзім ішінде өтініш берулері қажет. ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 21 - бабы 2-тармағына сәйкес оралман мәртебесін ұзарту 6 (алты) айдан аспауы тиіс.
Облыстық басқарма арқылы оралман мәртебесі қағаз түрінде 503 этникалық қазаққа ұзартылды.
Алматы облысының жұмыспен қамту орталықтарына 2021 жылдың 01 қаңтарына өтініш жасаған этникалық қазақтардың жалпы саны 43 адам. Оның ішінде:
- жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдардың еңбек делдалдығымен жұмысқа орналасқан азаматтардың саны – 34 адам, оның 16 адамы мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналастырылды, 4 адамы қоғамдық жұмыстарға қатысты;
- 16 адамға 200 АЕК көлемінде грант берілді.
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының балансында тұрған оралмандарды уақытша орналастыру мен бейімдеу және ықпалдастыру орталығына арналған екі пәтер бар.
Басқарма тарапынан қоныс аударған этникалық қазақтарды уақытша орналастыру, бейімдеу және ықпалдастыруға барлық мүмкіндіктер жасалған, аталған пәтерлер күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар және жиһаздармен жабдықталған.
Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша мемлекеттік тұрғын үй алу кезегінде тұрған оралмандарға тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайлар:
- 2017 жылы алты отбасына, оның ішінде:
а) Ұйғыр ауданы бір отбасына, б) Талдықорған қаласы бес отбасына;
- 2018 жылы үш отбасына, оның ішінде:
а) Талғар ауданы бір отбасына, б) Талдықорған қаласы екі отбасына.
- 2019 жылы бес отбасына, оның ішінде:
а) Іле ауданы бір отбасына, б) Кербұлақ ауданы бір отбасына, в) Панфилов ауданы бір отбасына, г) Талғар ауданы бір отбасына, д) Талдықорған қаласы бір отбасына.
2021 жылдың 01 қаңтарына үй алу кезегінде аталған санаттағы 62 адам кезекте тұрғанын хабарлаймыз.
Алматы облысының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының мәліметі бойынша азаматтарға келесідей Қазақстан Республикасының азаматтығы:
- 2005 жылы 192 адамға;
- 2016 жылы 2511 адамға;
- 2017 жылы 5120 адамға;
- 2018 жылы 9831 адамға;
- 2019 жылы 4770 адамға;
- 2020 жылы 10876 адамға берілд.
Оралман мертебесін беру немесе ұзарту мемлекеттік қызметтерді облыстық басқарма арқылы жүзеге асыру барысында аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтарымен қарым-қатынас жасамайды.
Басқарма арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бекітілген ереже аясында көрсетіледі, мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар тіркелмегенін хабарлаймыз.