Меню

Страницы

Статья

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт профилактикасының бірыңғай сағаты» облыстық акциясын іске қосты

2020-2021 жж. жылыту кезеңінде өрттерді, өрттерде адамдардың қаза болуы мен жарақаттану жағдайларын, адамдардың улы газбен улануын алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу шеңберінде Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт профилактикасының бірыңғай сағаты» атты облыстық Акциясы іске қосылды.

Күн сайын облыс бойынша сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін электр-тұрмыстық техниканы сатумен айналысатын сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту сипатындағы әлеуметтік роликтерді, техника дүкендерінде сатылымға қойылған мониторлар мен теледидарларда бір мезгілде көрсету ұйымдастырылды. Дүкен қызметкерлері келушілерге өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары бар 4500 дана жадынамаларды таратты. Ұйымдастырылған акцияға «Alser», «TechnoDOM», «Sulpak» және басқа да ірі сауда мекемелері тартылды. Әлеуметтік бейнероликті бір уақытта сатылымға қойылған 140-тан аса мониторлар мен теледидарларда көрсетіледі.  Жалпы саны 453 азаматты қамти отырып, келушілермен тұрмыстық электр аспаптарын қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқаулықтар жүргізілді.

Сонымен қатар, сауда үйлерінің, ірі ойынсауық-сауда орталықтарының дәліздерінде, сонымен қатар аудан орнталықтарында орналасқан LED-экрандардың мониторлары арқылы көрсетілетін, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі бойынша роликтер іске қосылды.

Сонымен қатар, күн сайын сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін арнайы техниканың көмегімен (проекторды матамен қапталған автомобильге шығару жолымен) көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде өртке қарсы тақырыпта оқыту роликтерін көрсету ұйымдастырылған.

Бұл акция халықты тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту мақсатында өткізілді. Бұл акция бұқаралыққа баса назарын аударды. Сондықтан «Өрт профилактикасының бірыңғай сағатын» өткізу уақыты сауда орталықтарында, адамдар көп жиналатын жерлерде және көп қабатты үйлерде тұрғындар саны ең көп болған уақыттың екінші жартысына таңдалды.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Өзіңізді және жақындарыңызды өрттен сақтаңыз!

 

Алматы облысы ТЖД

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы

 

Дата публикации
25 января 2021
Дата обновления
25 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы