Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың қорытындысы бойынша облыс әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы ақпарат

Алматы облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі  2019 жылғы 25 желтоқсандағы Алматы облысы әкімінің №163-ө н/қ  өкімімен 2020 жылғы жұмыс жоспары бойынша 19 объекті бекітіліп аудиторлық тексеріс жүргізілді және  жоспардан тыс 2 объект қаралды, жылдық көрсеткіш бойынша 21 объектіге уәкілетті органмен сәйкестік аудиті беріліп, «Тәуекелді басқару жүйесіне» сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы министірлігінің ресми интернет-ресурсына енгізіліп, «Жабық» деген мәртебесіне ие болды.

Бюджеттік заңнама нормаларына сәйкес тексеру жүргізу кезінде қамтылған қаражат көлемі 3 667 945 мың теңгені құрайды. Ішкі аудит нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 166 421,8 мың теңге, мемлекеттік сатып алу рәсімдері бойынша 1 164,7 мың теңгені құрайды, өтелгені – 167443,2 мың теңге.

Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына алдағы уақытта осы анықталған бұзушылықтар қайталанбас үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою және жол бермеу жөніндегі ұсынымдармен анықталған бұзушылықтарды жоюға шешімдер жолданды. Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы тұрақты зерделеу қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді (қаржылық тәртіпті, оның ішінде белгіленген лимиттер мен нормативтерді, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнаманы, Министрліктің ішкі ведомстволық бұйрықтарын қатаң сақтауға және олардың қызметтік және өндірістік қызметтегі талаптарын қатаң сақтауға, өнім берушілерді, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың талап қою туралы сотқа уақтылы жүгінуіне қатысты).

Сондай ақ, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының «Короновирус инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл жұмыстар аясында әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын қолдауға бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы бұйрығының 21-тармағы бойынша әр айдың 25-не Есеп комитетіне ақпарат жіберіліп отырады.

Бөлімнің 2020 жылғы жылдық көрсеткіші бойынша Лотус бағдарламасымен 177 хат келіп түсті, оның ішінде «Жеке және заңды тұлғалар бойынша 83 өтініш, құзырлы органдардан 32 хат, жергілікті департамент, басқармалардан 21 хат, министрліктен 36 хат және 5 хаттама жан-жақты қаралып, заңға сәйкес жауаптар берілді.

Дата публикации
30 декабря 2020
Дата обновления
30 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы