Облыстың атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізуде.
Мемлекеттік органдар қызмет көрсету сапасын, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жақсарту бойынша шаралар қабылдауда.
Облыстың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 172 түрін көрсетеді.
IV тоқсанда мемлекеттік органдармен 3 275 028 қызмет көрсетілді. Оның ішінде қызмет берушілермен қағаз нысанда көрсетілгені – 22 519, оның ішінде:
-көрсетілетін қызметті берушілер (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен, бірақ "электрондық үкімет" веб – порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін-22 374;
– көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген-3 252 509.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны-1366.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту тіркелген жоқ.
Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың есептік кезеңінде барлығы 102 бақылау іс-шарасын өткізді. Бақылау іс-шараларымен 102 объект қамтылды, оның ішінде 49 – жергілікті атқарушы органдар және 53 – ведомстволық бағынысты ұйымдар.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдардың жалпы саны-94.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 866 түсіндіру іс-шаралары өткізілді, 438 236 адам мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен қамтылды.
2020 жылы жергілікті атқарушы органдармен барлығы 11 842 814 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
көрсетілетін қызметті берушілермен қағаз нысанда көрсетілген – 260 520 немесе (2,2%);
көрсетілетін қызметті берушілер (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен, бірақ "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін – 171 011 немесе (1,44%).
қызмет берушінің ақпараттық жүйелері және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны – 11 301 560 немесе (95,4%).
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны-4 192.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту тіркелген жоқ.
Анықтама ретінде: көрсетілетін қызметтердің негізгі саны Денсаулық сақтау саласында-70,3%.