Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың қорытындысы бойынша отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпарат

Үлгілі отбасыларды ынталандыру, жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге шақыру, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын және болашақ жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беру мақсатында облыста жыл сайын жас отбасылар арасында «Жас отау» байқауы ұйымдастырылды. 

Аталған шараға облыстың 20 аудан, қаласынан 16 отбасы қатысты. Отбасылар 4 кезең арқылы сыналды: таныстыру, өнер көрсету, спорттық жарыс және сұрақ-жауап. Бас жүлдеге тоңазытқыш, 1-ші орынға кір жуғыш машина, 2-орынға ыдыс жуғыш машина, 3-орынға теледидар, қалған отбасыларға ынталандыру сыйлығы ретінде микротолқынды пеш сыйлыққа берілді.

 «Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен Халықаралық Отбасы күніне орай отбасылық құндылықтарды және қазақстандық отбасы институтының оң имиджін нығайту және насихаттау мақсатында «Бақытты отбасы» атты квест-конкурсы өткізілді.

Байқауға қатысуға талдықорғандық 10 отбасы өтінім берді. Квест тапсырмасы логика мен тапқырлыққа және геолокацияны іздеуге негізделген.

Квест-конкурста «БАҚ» тобы жеңіске жетіп, бас жүлде – Samsung Galaxy А51 смартфонын иеленді.

Сонымен қатар, 18 қыркүйекте Талдықорған қаласында 5 отбасының қатысуымен квест-байқау ұйымдастырылды. Нәтижесінде «Барыс» командасы жеңімпаз атанды. Осындай шаралар облыстың аудан, қалаларында өткізілді.

Коронавирустық пандемия, елімізде енгізілген карантиндік іс-шараларға байланысты және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізілмеді.

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі құрамынан, облыстың құрметті азаматтары қатарынан белсенді спикерлер пулы құрылды. Оның ішінде: 1 облыстық, 3 қалалық, 17 аудандық, 245 ауылдық округтерде құрылған, жалпы мүшелерінің саны 1502 адамды құрайды.

Осы бағытта, «Қазақтану» жобасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Рухтың күші әкеде», «Мәңгілік Ел бесігі – Ана жүрегінде», «Ұлттық бірегейлік – достықта», «Ақ отауға ақ бата», «Жас отбасы мектебі», «Қыз тәрбиесі -адамзат тәрбиесі», «Ана – білімгер», «Ана денсаулығы – ұлт денсаулығы», «Әйел әлемі» жобаларын жүзеге асырды.

Облыстың үкіметтік емес ұйымдары өз қызметін қоғамдық өмірдің түрлі салаларында, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, дене шынықтыру, жастар саясаты, балаларды қорғау, гендерлік мәселелер, салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың құқықтарын қорғау және басқа да әлеуметтік маңызды бағыттарда жұмыс істейді.

2020 жылы ҮЕҰ Дерекқорына 396 ҮЕҰ өз деректерін уақтылы ұсынды. ҮЕҰ Дерекқорына сәйкес отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу бағытында 18 ҮЕҰ қызмет атқарады. Оның ішінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету мақсатында «Алматы облысының ауылдық әйелдер желісі» қоғамдық бірлестігі, «Талдықорған әйелдерді қолдау өңірлік орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Интизар» дағдарыс орталығы» қоғамдық қоры және т.б. белсенді жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, 2021 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» атты лот қарастырылуда.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2020 жылы некеге тұрған жастар 7514-ті құраса, ажырасқандар саны 1340-ты құрады. Осы орайда, жеке мәселелер бойынша 502 азаматқа және некеге тұрған 349 жасқа психологиялық кеңестер берілді. Ажырасуға өтініш білдірген 274 жастармен арнайы психологиялық тренингтер өткізіліп, нәтижесінде  134 отбасы ажырасудан бас тартты.

Алматы облысының аудан, қала жастар ресурстық орталықтарының психолог мамандарының 2020 жылы отбасы құндылықтары бойынша 499 іс-шара өткізілді. Атап айтқанда, 39 кездесу, 11 тренинг, 19 дөңгелек үстел,  45 сот отырысына қатысу, 46 АХАТ бөлімінде кездесулер, 133 онлайн тренинг, 206 онлайн кездесулер  ұйымдастырылды.

«Алматы облысының жастары арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру және нығайту бойынша іс-шаралар кешенін енгізу» жобасы шеңберінде 2018 жылдың 1 қазанынан бастап облыстың барлық аудан мен қалаларында «BAQYT» жас отбасын қолдау клубтары құрылған. Аталған жоба аясында 2019 жылдың 15 мамырында Алматы облысы бойынша барлық аудан мен қалаларының жастар ресурстық орталықтарында білікті, кәсіби психолог мамандар іріктеуден өтіп, жұмыстарын бастады. Психологтардың басты мақсаты – жастар арасында отбасы құндылықтарын қалыптастырып, жас отбасыларға некені сақтау және нығайту үшін психологиялық қолдау көрсету, жастардың психологиялық денсаулығын сақтау, қиын дағдарыс жағдайларда өмірге деген құлшынысын арттырып, болашаққа деген сенімін күшейту болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 14 қаңтарында Талдықорған қаласында «Жанұя» әлеуметтік орталығы ашылды. Аталмыш орталық құқықтық, психологиялық кеңестер және мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектер туралы тұрғындарға толық мәлімет береді.          

2020 жылға орталықтың қызметін жүзеге асыруға бюджеттен 28051,0 мың теңге қаражат бөлінді.  2020 жылдың қаңтар айынан бастап орталық 2470 адамға (әлеуметтік-18, психологиялық-695, құқықтық-1074, тұрақты жұмысқа орналастыруға және реабилитациялық -683) түрлі қызметтер көрсетті, 375 адам тренингтерден өтті.

         Жастар арасында жүктіліктің алдын алу, жыныстық тәрбие қалыптастыру  бойынша жұмыстар жүргізілді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы жүктіліктің әрбір жағдайы уақытылы құқық қорғау органдарына беріледі және оларға мониторинг жүргізіледі. Қаламаған жүктіліктің алдын алу үшін, облыста санитарлық-гигиеналық және емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізіледі. Облыстың барлық әйелдер консультацияларында «балалар және жасөспірімдер гинекологиясы» тақырыбы бойынша мамандандырудан өткен акушер-гинекологтар жұмыс істейді, олар жасөспірім қыздарға консультациялық, клиникалық-диагностикалық көмек көрсетеді.

Оқытылған акушер-гинекологтар ерте қажетсіз жүктіліктің алдын алу бойынша, қазіргі заманғы контрацепция әдістері туралы, жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу және жасөспірім қыздардың репродуктивті денсаулығын қорғау бойынша профилактикалық әңгіме жүргізді. Жасөспірім қыздарды қабылдауды кабинеттерде учаскелік қағидат бойынша ЖПД-ның оқытылған дәрігерлері, акушер-гинекологтар және акушерлер жүргізеді.

Облыстың медициналық ұйымдары 15-18 жас аралығындағы жасөспірім қыздар арасында жүктілікке және жыныстық белсенді топқа мүлдем қарсы көрсетілімдері бар әйелдер үшін оральді контрацептивтер мен жатырішілік спиральдар сатып алуды жүргізеді. 2020 жылы 14,5 млн.теңгеден астам сомаға контрацептивтер сатып алынды.

Облыстың барлық жалпы білім беретін мектептерінде акушер-гинеколог және дерматолог дәрігерлер ерте қалаусыз жүктіліктің алдын алу, контрацепцияның заманауи әдістері, түсік түсіру және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дәрістер мен әңгімелер түрінде санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, ұлдар мен қыздардың қазіргі қоғамдағы отбасының маңыздылығы, репродуктивті денсаулық, отбасын жоспарлау, түсік түсірудің алдын алу мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында жастар денсаулық орталықтары ашылды.

Ұлт денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау бойынша БАҚ арқылы ақпараттандыру жұмыстары  жүргізілді.

"Дені сау отбасы – дені сау ел!" атты апталығы аясында 2 мыңнан астам адам қамтумен 58 іс-шара өткізілді. Оның ішінде 312 адам қамтылған 13 семинар, 126 адам қамтылған 11 пікірсайыс пен пікірталас, 105 адам қамтылған 2 конференция, 84 адам қамтылған 6 дәріс, 26 адам қамтылған 3 дөңгелек үстел, 1146 адам қамтылған 8 конкурс, 66 адам қамтылған 9 спорттық іс-шара, 41 адам қамтылған 6 тақырыптық сабақ. Іс-шаралар негізінен онлайн режимде мессенджер бағдарламалары (zoom, Instagram және т.б.) арқылы өткізілді.

«Жетісу» ТК-да «репродуктивті денсаулықты қорғау және отбасын жоспарлау», «босануға көмек көрсетудің интеграцияланған моделі» тақырыптарына жалпы саны 318 рет бейне роликтер көрсетілді. Сондай-ақ, «Русское радио Азия» радиосында осы тақырыптар бойынша аудио роликтер 288 рет шығарылды. Тамыз-қыркүйек айларында қоғамдық орындарда Лэд экрандарда бейне ролик түсірілді. 92 000 парақшалар, 10 850 буклеттер, 5 000 плакаттар таратылды. Интернет порталда NUR.kz «Репродуктивті денсаулықты қорғау және отбасын жоспарлау» баннерлік жарнамасы орналастырылған. Әлеуметтік желілерде веб-сайттарда 50-ден астам жарияланым, Иифоргафика орналастырылған. Баспа басылымдарында 6 мақала жарияланды.

Облыста волонтерлердің фронт-офисі құрылды. Фронт-офис жұмысы Мемлекет басшысы айқындаған 7 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі. Фронт-кеңсе қызметінің күн сайын еріктілер саны артып келеді. Еріктілердің жалпы саны 3243-ті құрайды, оның ішінде 60-ы автоволонтерлер.

2020 жылы облыста қайырымдылықпен тікелей байланысты 9000-ға жуық акция өткізілді. Әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға, жалпы 26726-дан аса отбасыға азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік көмек көрсетілді.

«Сабақтастық» бағыты бойынша облыс көлемінде барлығы 187 еріктінің қатысуымен 164 іс-шара өтті. Атап айтқанда, «Аналар Үйінің» жалғызбасты аналарына, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының» әйелдеріне «Жақсы көңіл-күй жан азығы», «Жүрек жылуы» атты семинар-тренингі, «Көңіл толқыны» музыка терапиясы, «Отбасы тәрбиесі имандылықтан басталады», «Отбасындағы зорлық-зомбылық» онлайн сұхбаттары, «Жақсы ой-жақсы өмір негізі» тақырыптарында іс-шаралар ұйымдастырылды.

Білім саласында мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету, оқытумен қамту мақсатында 7 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, 19 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттер, 7 арнайы мектеп-интернаттар жұмыс жасайды (оның ішінде 5-уі зерде бұзылыстары бар балаларға арналған, 1-уі көру қабілеті бұзылған балаларға арналған, 1-уі есту қабілеті бұзылған балаларға арналған  мектеп-интернаттар).

2020-2021 оқу жылына 514  жалпы орта білім беретін мектептерінде (67,6%), 130 мемлекеттік балабақшада  (70,6%) білім беруге жағдай жасалған. Жалпы инклюзивтік білім берумен 2775 бала (оның ішінде балабақшада – 409 бала, мектепте – 2366 бала) және де 16 жалпы орта білім беретін мектептердегі 49 арнайы сыныптарда 304 бала білім алуда, барлығы жалпы ерекше білім беруді қажет ететін балалар санынан алғанда 19,3% бала инклюзивті білім берумен қамтылған.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқу үрдісіне қосу және түзету жұмыстарын жетілдіруде білім басқармасы «Дара» қорымен 3 коррекциялық кабинет (Іле, Жамбыл, Қарасай аудандарында) және 4 ресурстық кабинеттер (Жамбыл, Қарасай, Сарқан аудандарында) ашу жұмыстарын жүргізуде. Бұл мақсатқа «Дара» қорынан ағымды жөндеу жұмыстары мен материалдық-техникалық жабдықтауға 55 млн. теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда «Болашақ» қорымен Талдықорған қаласындағы №7 орта мектептен аутистикалық спектрдің ауытқуы бар балаларды инклюзивті білім беру үрдісіне қосуда арнайы сынып ашылып жабдықталды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «Қамқорлық» бастамасын жүзеге асыру мақсатында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу және осы санаттағы балаларды білім алуда қолдауды жетілдіру мақсатында Талдықорған қаласының №27 және Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептері базасында инклюзивті білім беруді қолдау бағытында кабинет ашылды.

Алматы облысы бойынша қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі 570 орындық екі арнаулы әлеуметтік қызмет орталығы: 350 орындық «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» (оның ішінде 30 орындық күндізгі болу бөлімі) және 220 орындық «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері жұмыс істейді. Аталған мекемелерде бүгінгі күні 416 қызмет алушы бар, оның ішінде 302 қарт және 114 мүгедек.

Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 26 бөлімшеде өткен жылы 2439 қарт адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді.

Облыста үкіметтік емес ұйымдармен де жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар арқылы үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 7 үкіметтік емес ұйыммен келісім-шарт жасалып, 120 қарт қызмет алды.

Аталған ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемі толығымен көрсетіледі. Психолог мамандар қызмет алушылардың жеке пікірлерін білу мақсатында сауалнама, әр түрлі тақырыптар бойынша тренингтер өткізіп тұрады.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында қарт адамдардың бос уақытын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар карантин шаралары сақтала отырып, жүргізіледі.

Облыста балалар мүгедектігін төмендету бойынша шаралар қабылдануда. Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының мамандарымен бірлесіп мүгедек балаларды оңалтудың жеке бағдарламасын (бұдан әрі - ОЖБ) іске асыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

ОЖБ-ның медициналық бөлігін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына және диагностиканың, емдеу мен оңалтудың клиникалық хаттамаларына сәйкес медициналық ұйымның мультидисциплинарлық командасы әзірлейді. ОЖБ медициналық бөлігінің деректері «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» ақпараттық жүйесіне (МОДБ) енгізіледі.

Облыста 2 мамандандырылған балалар үйі бар, онда 2018 жылғы желтоқсаннан бастап БЦП, аутизммен ауыратын мүмкіндігі шектеулі өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардан шыққан балалардың күндізгі болу және оңалту топтары ашылды. Осы топ ашылған сәттен бастап 84 балаға оңалту жүргізілді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру мақсатында стационар, жартылай стационар, үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Облыста денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларға мұндай медициналық көмекті 210 төсекке есептелген "Талдықорған қаласындағы Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК және 200 төсекке арналған "Алматы өңірлік балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК көрсетеді. Осы ұйымдардың жанында мүмкіндігі шектеулі балаларға уақытылы оңалту көрсету үшін оңалту бөлімшелері ашылды.

Жыл сайын облыстың медициналық ұйымдары ауыр экстрагениталды аурулары бар әйелдер үшін, сондай-ақ жыныстық белсенді жасөспірім қыздар үшін жүктілік пен босануға қарсы көрсетілімдері бар заманауи контрацептивтерді сатып алады. Олар үшін контрацепцияның тұрақты тиімді әдісі таңдалады. Әлеуметтік және медициналық қауіп факторлары бар (оның ішінде жүктілікке қарсы көрсетілімдері бар) фертильді жастағы әйелдер тобы контрацепцияның қазіргі заманғы әдістерімен қамтамасыз етілген):

- жүктілікке абсолюттік қарсы көрсетілімдермен барлығы-2916 әйел, оның ішінде контрацепцияға мұқтаж - 2576, қамтылғандар – 90%;

- жыныстық белсенді жасөспірімдер-контрацепцияланған 88%;

- атаулы әлеуметтік көмек алатын ЖФВ-облыс бойынша 86,0%.

Қазіргі қоғамдағы отбасының маңыздылығы, репродуктивті денсаулық, отбасын жоспарлау, түсік тастаудың алдын алу мәселелері бойынша ұлдар мен қыздардың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында барлық МСАК-та 15 жастар денсаулық орталығы ашылды. Оның ішінде, Ақсу, Алакөл, Балқаш, Жамбыл, Іле, Ескелді, Қарасай, Қаратал, Сарқан, Ұйғыр орталық аудандық ауруханаларының, Текелі, Қапшағай, Талдықорған қалалық ауруханаларында мен емханаларында, сондай-ақ Алматы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының құрылымында.

Есептік кезеңде 54802 адамды қамтумен жастардың денсаулығын сақтау және нығайту мәселелері бойынша 3379 түрлі іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде, 27600 адамды қамтыған 184 акция, 1450 адамды қамтыған 32 конференция, 915 адамды қамтыған 45 дөңгелек үстел, 12534 адамды қамтыған 249 семинар-тренинг, 546 адамды қамтыған 5 пікірсайыс, 569 адамды қамтыған 9 ата-аналар жиналысы, 432 адамды қамтыған 9 конкурс, 821 адамды қамтыған 19 сауалнама, 3695 адамды қамтыған 2612 консультация.

Білім беру ұйымдарында оқушыларды сабақтан тыс  уақыттарын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Жас натуралистер», «Шебер қолдар», «Жас ақындар», «Қызықты математика», туристік-өлкетану, экология, техника, математика, би  және т.б 12 315 үйірмеде 237743 оқушы,  6065 спорттық секциясына 160387 бала қатысады. Сонымен қатар, 747 мектепте 28000 спорт лигалары құрылып,  346498 бала қамтылды.

Полиция бөлімінде есепте тұрған 350, сәтсіз отбасыларының 818 бала спорт секцияларымен, үйірмелермен қамтылған.

«Талдықорған қаласы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы,  Қадыржанова көшесі, № 66 мекен-жайы бойынша орналасқан.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты 35 адамдық жатын орынға  (25 ересек, 10 бала) арналған.

  Арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларға стандартқа сәйкес әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетіледі. Қазіргі уақытта орталықта  33 адам қызмет алуда (8 әйел 25 бала). Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 2021 жылға 54,9 млн. теңге бөлінді (оның ішінде: 7,7 млн. теңге. - РБ, 47,2 млн. тг. - ЖБ).

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16 бабындағы 5 тармағына сәйкес «Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде шығу тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандай да бір кемсітушілікке жол берiлмейдi». Сондай-ақ, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарындағы басшы лауазымдарындағы әйелдер саны – 364 қызметшіні, ерлер саны – 851 қызметшіні құрайды.

Дата публикации
28 декабря 2020
Дата обновления
28 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы