Есепті кезеңде шет мемлекеттердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды, соның ішінде:
- Тәжікістан Республикасы Хатлон облысы хукуматы төрағасының орынбасары Зохирзода Умедпен (27.01.2020);
- Түркияның “Femas Metal Sanayi ve Ticaret A.S.” компаниясының бас директоры және басқармасының мүшесі Юсуф Угемен (14.02.2020);
- Қазақстандағы Өзбекістан Республикасы Елшілігінің делегациясымен, құрамында Төтенше және Өкілетті Елші С.Ниязходжаев, Бас консул А.Фатхуллаев, еңбек атташес бар (09.11.2020);
- Ислам Иран Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Фагани Мохсенмен (10.11.20);
- Түрік және қазақ бизнесмендері ассоциациясының (ТУКИБ) бас хатшысы А. Гусейновпен және «МАКЙОЛ» түрік компаниясының ТМД бойынша аймақтық менеджерімен (25.11.2020);
- ҚР-ның арнайы елшісі Р. Жошыбаевтың сүйемелдеуімен «Sonnenenergy» компаниясының басшысы Я. Зонненшайнмен (30.11.2020);
- Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулы Ким Хынг Сумен (22.12.2020);
- Tuscarora International (АҚШ) компаниясының құрылтайшысы, жоба жетекшісі Браун Элиссон Эннмен (30.11.2020).