Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімі Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті елшісін қабылдады

Облыс әкімі Амандық Баталов облыстық әкімдікте Өзбекстанның Төтенше және өкілетті елшісін қабылдады. Жиында қос тарап алдағы жоспарларымен бөлісіп, жобаларын таныстырып, бірлесіп жұмыс істеуге ұсыныс білдірді.

         Кездесуде Амандық Ғаббасұлы әуелі жер жаннаты Жетісу жерінің жетістіктерін таныстырды.

 – Жетісу өңірінің самал желі мен тұмса табиғаты адамды баурап алады. Бізде емдік қасиеті мол Алакөл көлі, Шарын шатқалы, Таңбалы тас сияқты тарихи орындар өте көп. Саф алтындай ауасы туристердің демалуына пайдалы. Ауылшаруашылығы да жақсы дамыған. Еліміздің ауылшаруашылығы өніміндегі үлесі 17 пайыздан асады. Ет пен сүт өндірісін арттыру, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу мен ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру үшін қарқынды жұмыс атқарылуда, – деді.

Осыдан кейін сөз алған Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев:

– Біз бауырлас ел болғандықтан  қай саланы алып қарасақ та, бір-бірімізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Алдағы мақсатымыз – Жетісу жеріне көтерме-бөлшек сауда орталықтарын ашу. Бұл жақта ауылшаруашылығы жақсы дамыған. Десе де, біз ерте пісетін жеміс-жидектерді әкелсек, – деп, Жетісудың қай саланы болса да дамытуға қолайлы өңір екенін айтты. Сонымен қатар, алдағы уақытта бірігіп жұмыс істеуге ықыласты екенін жеткізді.

 Өзбек елшісінің айтуынша, инвесторлар құрылыс, сауда сынды маусымдық жұмыстарға білікті мамандар жіберіп, көмектесуге дайын. Ең бастысы, Жетісуға келетін мамандар қазақтың тарихы мен тілін оқып, біліп келетінін айтты.

Бұл мәселе бойынша облыс әкімі арзан бағада жеміс-жидек алу, білікті құрылысшыларды тарту жетісулықтарға да тиімді екенін сөз етті. Сондай-ақ, облысымызды дамытуға атсалысатынын, тарихи, көрікті жерлерімізді түрлендіретін инвесторларға қолдау білдіретінін айтты.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Дата публикации
09 ноября 2020
Дата обновления
09 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы