Меню

Страницы

Статья

Түркиялық «Makyol» компаниясы облыстың инфрақұрылымын жақсартуға ниет білдірді

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов түріктің «Makyol» компаниясының өкілдерімен кездесіп, облыстың Алматы қаласына жақын аудандарының көлік қатынасы жолдарын реттеу мәселесіне қатысты жобаларды талқылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркиялық ресми өкілді кездесуге бастап келген Түрік және қазақ бизнесмендері қауымдастығының бас хатшысы Анзор Гусейнов бұл қауымдастықтың екі ел арасындағы іскерлік ортада алтын көпір болып жүргенін атап өтті. Сол сияқты жарты ғасырдан астам тарихы бар «Makyol» компаниясының мүмкіндіктерімен таныстырып, ұсыныстарын жеткізу үшін бастап келгенін айтты.  

Өз кезегінде сөз алған «Makyol» компаниясының ТМД елдері бойынша өңірлік менеджері Иса Акбулут компанияның инфрақұрылымдар мен автожол құрылыстарына қатысты бүгінге дейінгі іске асырған ірі жобаларына қысқаша тоқталды. Әңгімелесу барысында нақты ұсыныстарын жеткізіп, Талғар және Қарасай аудандары мен Алматы қаласының жол қатынасын жеңілдетуге атсалысқысы келетіндерін айтты. Атап айтқанда, Алматы мен Талғар қалаларының аралығын әуежайды қамти отырып жеңіл рельсті жол салу арқылы қосуға ниетті. Екінші кезеңде Алматы мен Қаскелеңнің арасындағы көлік жолының құрылысына қатысуға пейілді.

- Біз тек қана құрылыс жүргізуші мердігер компания ғана емес, сонымен қатар қажет жерінде өз қаржымызды құя алатын инвестор ретінде де жұмыс істейміз. Егер осы ұсыныстарымызға оң көзқарас білдірсеңіздер, біз дайындықты ертең бастауға әзірміз, - деді И.Акбулут.

Облыс басшысы Алматы облысының қаламен шектесетін аудандарының жолдарындағы көлік кептелісі мәселесін шешу үшін мұндай жобалардың қажет екенін атап өтті. Сол сияқты оның экологиялық жағынан тиімділігі өз алдына. Сондықтан бұл тараптан түркиялық компания өкілдерімен меморандум жасасып, министрлікпен келісіп, жобаларды кеңінен талқылау қажеттігін айтты.

- Бізге мұндай жобалар өте керек. Талғар мен Қаскелеңнің жоғарғы трассаларын толықтай реконструкция жасауды да қоса атқарсаңыздар оң шешім болар еді. Талғар трассасына жеңіл рельсті көлік жолын жерден төмен немесе жоғары салғанның қайсысы тиімді екенін әлі де сараптай жатармыз. Ал Қаскелең трассасына реконструкция жасалса, жеңіл рельсті көлік жолының қажеті болмауы да мүмкін. Сондықтан бұл мәселелердің бәрін жобаларды дайындау барысында егжей-тегжейлі талқылауымыз керек. Сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасаймыз деп сенемін, - деді А. Баталов.

Жалпы түркиялық «Makyol» компаниясы жолдар мен автомагистральдар салуға, әуежайлар мен метролардың құрылысын бастан аяқ жүргізуге, туннель ғимараттарын салуға маманданған. Бүгінге дейін Қазақстан, Әзербайжан, Марокко, Алжир, Ирак, Оман секілді бірқатар елдерде филиалдарын ашып, құрылыс саласында қанатын кеңге жайған. Қазір «Makyol» еліміздегі Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы құрылысының концессиялық жобасына қатысуда.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


 
 
Дата публикации
25 ноября 2020
Дата обновления
25 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы