Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтауы

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

 

Баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан 25 жыл бұрын 1995 жылы 30 тамызда тәуелсіз Қазақстан тарихында маңызды оқиға болып, жалпыхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылданды. Осы ширек ғасыр ішінде Конституциямыз Қазақстанның жаңа кезеңіне жол ашқан, бүгінгі құқықтық жүйенің негізін қалаған берік тірегіміз ретінде орнықты.

Ата Заңымыз адамның өмірі мен бостандығын басты құндылық ретінде қалыптастыра отырып, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін  белгілеп берді. Соның нәтижесінде Конституция Қазақстанның демократиялық құқықтық мемлекет ретінде өсіп-өркендеуінің, азаматтық қоғамды дамытудың, Тәуелсіздігіміздің сенімді кепіліне айналды. Басқа елдермен өзара ынтымақтастықта болуға, бейбіт қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.

Ата Заңымыздың арқасында еліміздің қуаты артып, экономиканың барлық салаларында тұрақты дамуға қол жеткізілді. Соның ішінде Алматы облысының да жетістіктері мол. Бүгінгі күні жер әлемді жайлаған індетпен күрес жағдайында туындаған уақытша қиындықтарды жетісулықтар да береке-бірлікпен, еселі еңбекпен еңсеріп келеді. Алдағы уақытта да негізгі заңымыздың талаптары мен ережелерін сақтай отырып, еліміздің әл-ауқатын арттыруға, қоғамдық келісімді одан әрі нығайтуға, Отанымызды құқықтық мемлекет ретінде орнықтыруға атсалысу  – әрқайсымыздың парызымыз. Осы жолда баршаңызға еселі еңбек, қажымас қайрат, береке-бірлік, толайым табыс тілеймін. Денсаулықтарыңыз зор, істеріңіз ілгері, шаңырақтарыңыз ырысты болсын!   

Конституция күні құтты болсын!

Дата публикации
29 августа 2020
Дата обновления
29 августа 2020
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы