Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтауы

Құрметті жетісулықтар!

Еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.

Тәуелсіздік – бабалардың арманы мен аманаты, халықтың бағына бұйырған қастерлі құндылығы,үміті мен сенімінің, күш-жігерінің сарқылмас көзі, табанды тірегі. Тәуелсіздіктің арқасында бүгінде Қазақ елі Уақыт деген алып мұхиттың үстіндежелкенін керген кемедей болашаққа бет түзеп келеді.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың терең талдауға, стратегиялық мақсаттарға негізделген салиқалы саясаты мемлекеттілікті қалыптастырып, дамудың жаңа белесіне жол ашты. Елдің ұлттық заңнамалары түзіліп, шекарасы шегенделді, жаңа астанасы бой көтеріп, экономикасы жаңа жүйеге бейімделді, тарихи жады қайта жаңғырып, қоғамдық сана жаңаша қалыптасты. Жүргізілген реформалар қоғамның сапалық тұрғыдан өзгеруіне, алға қойған мақсат-міндеттерге табанды түрде ілгерілеуге мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі алдымызға қойып отырған талабы да Елбасының осы сындарлы жолымен жалғасты әрі үйлесімді үндестікте.

Қашанда тәуелсіздік – киелі құндылығымыз, ынтымақты ел болу – асыл мұратымыз, өркениетке қадам басу – басты бағытымыз. Тұңғыш Президентіміз: «Тәуелсіз Қазақстан тарихының басты тағылымы мынада: кез келген тығырықтан жол тауып, кедергіні – мүмкіндікке, тәуекелді табысқа айналдырып, ең асқақ арманға қол жеткізу әркімнің өз қолында», - деген еді. Осы жолда жетістіктердің кілті, табыстың тетігі болған татулықты тұғыр етіп, еселі еңбекпен тәуелсіздікті одан әрі нығайтуға барша қазақстандықтармен бірге жетісулықтар да үлес қоса береді деген сенімдемін.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, бейбіт өмір, шаңырақтарыңызға табыс пен молшылық, береке мен бірлік тілеймін! Еліміз тыныш, болашағымыз кемел, Тәуелсіздігіміз баянды болсын! 

Дата публикации
16 декабря 2020
Дата обновления
16 декабря 2020
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы