Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімі А.Ғ.Баталовтың 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен құттықтауы!

Құрметті жетісулықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күнді тәуелсіздігіміздің тұғырлы, бүгініміздің берекелі, болашағымыздың жарқын болуына бар ғұмыры мен күш-жігерін арнаған ерен тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген ел құрметінің ерекше бір көрінісі деп білеміз.

 Дербес ел ретінде қалыптасқан осы отыз жылға жуық уақыт ішінде Тұңғыш Президентіміз өзінің салиқалы саясатымен көптеген экономикалық, саяси, әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асырды, көп этносты мемлекетімізді дамудың даңғыл жолына бастады, жер-жаһанға ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды бейбітшіліктің алтын бесігіне айналдырды. Елдің ертеңіне бағытталған сан салалы стратегиялық бастамалар жасап, маңызды бағдарламалар түзді. Дана басшылығымен жаңғыру мен жаңарудың бірегей үлгісін жасады. Осының барлығы біздің өркендеуіміздің, тұрақты дамуымыздың сенімді негізі болды. Ел мен Ер, Тәуелсіздік пен Тұңғыш Президент, Қазақстан мен Елбасы егіз ұғымдарға айналып, халық жүрегінде мызғымастай берік орнықты.

Тұтас Қазақстанмен бірге Жетісу өлкесінің де әлеуеті ұлғайып, тұрақты дамуға бет түзеп келеді. Өнеркәсібі өрлеп, егістігі жайқалып, шаруашылығы шырайланды, елдің еңсесі биіктеп, мерейі артты.

Ел мүддесіне бағытталған мемлекет саясатының нәтижесінде және халықтың берекелі еңбегінің арқасында бұдан әрі де Отанымыздың ынтымағы мен жарастығы жасай берсін! Еліміз тыныш, Елбасымыз аман, бейбіт өміріміз берекелі болсын!

Дата публикации
30 ноября 2020
Дата обновления
30 ноября 2020
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы