Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың Жаңа 2021 жылмен құттықтауы

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Баршаға үміт сыйлайтын, асқақ армандарға жетелейтін Жаңа жыл да ортамызға келіп жетті. Осы мерейлі мерекемен сіздерді шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл балалар үшін ғажайып ертегілер мерекесі болса, үлкендер үшін бір сәт өткенді саралап, келер күнге жоспар құратын, мақсатын айқындап, сенімін еселейтін шақ. Бұл күні әр отбасы өз шаңырағында қуанышқа кенеліп, көпшілік бір-біріне «Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл жарылқасын» деп тілек айтады, жақсылықтан үміт күтіп, жаңа белестерге қадам басады.  

2020 жылда қиындықтар мен сын-қатерлер көп болғанына қарамастан біз салиқалы мемлекеттік саясаттың арқасында осы жылда елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл орайда иығына түскен негізгі салмақты медицина мамандары, волонтерлар, мұғалімдер, әлеуметтік және құқық қорғау қызметкерлері, экономиканың нақты секторы ұйымдарының өкілдері лайықты еңсеріп шықты. Көптеген әлеуметтік маңызды нысандар іске қосылды, мыңдаған тұрғын қоныстойын тойлады, жолдар жасалып, елді мекендерге газ жеткізілді, ауыл шаруашылығы алға басып, әлеуметтік қорғау шаралары белсенді жүргізілді, жаңа жұмыс орындары ашылып, экономикалық өсімнің тұрақтылығы сақталды. Ең бастысы бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай берекемізді көрсетіп, өзара қолдау таныта білдік. Сол үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін.

2021 жылы да жетісулықтар осындай еңбексүйгіш, елжанды, қажырлы қалпымен биік белестерді бағындыратынына сенімім мол.  

Жаңа жыл әр шаңыраққа жақсылық, молшылық пен береке, шаттық пен шуақ  алып келсін! Әрқайсыңыздың ойға алған аяулы армандарыңыз, биік мақсаттарыңыз орындалсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Жаңа жылда жақсы жаңалықтар мен игі істер көп болсын!

Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, бақытты ғұмыр тілеймін!

Жаңа жыл құтты болсын!

 
Дата публикации
31 декабря 2020
Дата обновления
31 декабря 2020
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы