Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттандыруды арттыру мақсатында "Қоғамдық денсаулық сақтау институты" ЖММ келесі жұмыстарды орындады. Облыстың 25 545 тұрғынын қамти отырып, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, мінез-құлық қауіп-қатер факторларының алдын алу, дене белсенділігі мен дұрыс тамақтануды насихаттау, ұрпақты болу денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау, жарақаттанудың алдын алу, психикалық денсаулық бойынша 1065 түрлі іс-шаралар (акциялар, дәрістер, семинар-тренингтер, әңгімелесулер, викториналар, диспуттар, дебаттар, тақырыптық сабақтар, спорттық іс-шаралар, конкурстар, дөңгелек үстелдер, конференциялар және т.б.) ұйымдастырылып, өткізілді.
Облыстық "Жетісу" газетінде және "Қасыпкер" журналында 62 мақала жарияланды.
Облыстық "Жетісу" ТК-да денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде 17 ТВ жарықтандыру ұйымдастырылды. Жалпы шығарылымы 4328 рет 18 тақырып бойынша бейне роликтер көрсетілді: облыстық "Жетісу" ТК - 2 229 рет, республикалық "Алматы ТВ" ТК - 82 рет , "Русское радио Азия" радиосына жалпы шығарылымы 2017 рет 14 тақырып бойынша аудио роликтер ротацияланды. Сондай-ақ, қоғамдық орындардағы Led мониторларда 9 тақырып бойынша бейнероликтер көрсетілді.
"Жұқпалы аурулардың алдын алу", "Жұқпалы емес аурулардың алдын алу", "Дене белсенділігі мен дұрыс тамақтануды насихаттау" атты 3 ТВ бағдарлама дайындалып, облыстық "Жетісу" ТК– да 17 рет көрсетілді.
Ақпараттық-білім беру материалдарының (плакаттар, буклеттер, үнпарақтар) 755 464 данасы тираждалды.
Nur.kz интернет-порталында туберкулездің алдын алу, жіті ішек инфекцияларының алдын алу, қант диабетінің алдын алу, артериялық гипертензияның алдын алу, темекі шегудің алдын алу, нашақорлықтың алдын алу, дұрыс тамақтануды және физикалық белсенділігін насихаттау, репродуктивті денсаулықты қорғау, ана сүтімен тамақтандыруды ынталандыру, жарақаттанудың алдын алу, психикалық денсаулықты сақтау, стресстің алдын алу тақырыптары бойынша 12 баннерлік жарнама орналастырылды.
17 аудандық мен 3 қалалық медициналық мекемелерде жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, дене белсенділігі мен дұрыс тамақтануды насихаттау бойынша 60 стенд орналастырылды. Сондай-ақ, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, дене белсенділігі мен дұрыс тамақтануды насихаттау, жарақаттанудың алдын алу бойынша 80 баннер орнатылды. 100 000 ұялы байланыс абоненттеріне «Жұқпалы аурулардың алдын алу», «Дене белсенділігі мен дұрыс тамақтануды насихаттау», «Инфаркттің алдын алу», «Психикалық денсаулық», «Жіті ішек жұқпаларының алдын алу», «Қант диабетінің алдын алу» бойынша Ватсап-таратылымдар жіберілді.
Денсаулық сақтау басқармасының, "Қоғамдық денсаулық сақтау институты" http://healthlife.kz/ сайттарында, әлеуметтік желілерде https://www.facebook.com/profile.php?id=100047735567868 барлығы 900-ден астам түрлі ақпарат, инфографика, виедо роликтер, т.б. орналастырылды.
Облыстың 17 ауданы мен 3 қаласында МСАК деңгейінде СӨСҚ қызметіне талдау жүзгізілді.