Меню

Страницы

Статья

Микроқаржылық қызметті лицензиялау бойынша

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Талдықорған қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) азаматтарды қорғау және микрокредиттеу нарығындағы алаяқтық тәуекелдерін төмендету үшін микроқаржылық қызметті лицензиялау енгізіледі.

Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 108 қаулысымен Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидалары, Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілді. Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 108 қаулысының толық мәтінімен уәкілетті органның www.finreg.kz ресми сайтында «Агенттіктің НҚА» бөлімінде танысуға болады.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтінішті және тиісті құжаттарды ұсынады.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия құжаттарды ұсынған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде беріледі.

Сонымен бірге Заң қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес 2021 жылғы 1 наурызға дейін микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы екенін атап өтеміз. Осы талап сақталмаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру не тарату туралы сотқа талап қоюға құқылы.

Кеңес алу үшін Агенттіктің Талдықорған қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасына +7 (7282) 401-565  телефоны арқылы хабарласыңыз. (Дүйсенбі - жұма 9: 00-ден 17: 00-ге дейін, демалыс - сенбі, жексенбі).

Дата публикации
22 декабря 2020
Дата обновления
22 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы