Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, электрондық форматқа ауыстыру мәселелері бойынша ақпарат

2015 жылы облыста жер ресурстарының кешенді электрондық картасы әзірленді. Бұл картаға ауыл шаруашылығы алқаптары, пайдаланылмайтын жерлер, ирригациялық желілер, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар жобалар енгізілді.

Қазіргі уақытта Өңірлік геоақпараттық жүйе (бұдан әрі - геопортал) құрылды, ол бар барлық салалық деректер мен кадастрлар базаларын біріктіруге мүмкіндік береді.

Бұл ретте электрондық карта жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика саласында электрондық үкімет процестерін автоматтандыруды жетілдіру және мемлекеттік қызмет көрсету үшін платформа болып табылады.

Геопортал көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің электрондық үкімет порталының өзара іс-қимылын жүзеге асыратын бірыңғай платформа болады.

Қазіргі уақытта басқарма тарапынан құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, басқармаларымен және ақпараттық технологиялар орталығымен бірлесіп кешенді картаны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл өтініштерді қабылдаудан бастап жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын беруге дейін мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін электрондық форматқа толық көшіруді қамтамасыз етеді. Бұл ретте, жер учаскелерін беру процестерінің ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз етеді.

Конкурс қорытындысы бойынша лоттың жеңімпазы болып "Геокарта"ЖШС танылды.

Жер қатынастары саласында пилоттық жоба ретінде облыстық маңызы бар қалаларда (Талдықорған, Текелі, Қапшағай) енгізу жоспарланып отырған сәулет және қала құрылысы саласында 15 мемлекеттік қызметті және 6 мемлекеттік қызметті автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

 2019 жылы жерге орналастыру және топо-геодезиялық жұмыстарды геодезиялық қамтамасыз етудің 7 базалық референс станциялары  орнатылды. 3 пилоттық қаланың 1:500 масштабында (3-5 см ажыратымдылығында) жоғары сапалы аэрофотосурет және топографиялық түсіру бойынша дала  жұмыстар жүргізілді.

ӨГАЖ-не мынадай қабаттар жүктелді: ресімделген және еркін жер учаскелері, қалалардың бас жоспарлары және елді мекендердің аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу, тұрғын және тұрғын үйге жатпайтын құрылыс, елді мекендердегі қызыл жолақ, санитарлық-қорғау аймақтары, су қорғау аймақтары, коммуникациялармен қамтамасыз етілуі (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, телекоммуникация желілері)

Бүгінгі күні Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстар аяқталды.

Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілерін инженерлік желілерге қосуға техникалық шарттарды беру және ведомствоаралық келісу процестерін қосымша автоматтандырылды.

Алматы облысының мемлекеттік қызметтерінің геоақпараттық порталының сілтемесі:  https://alm.rgis.kz/web.

Жобаны іске асыру құрылыс, топотүсірілім беру, техникалық шарттар, аумақтарды дамыту жоспарлары және т.б. мақсаттар үшін жер учаскелерін беру бойынша онлайн қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 жылдан 30 күнге дейін, сәулет және құрылыс саласында - 100 күннен 10 күнге дейін қысқарады

Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды бірыңғай талаптарына және "ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабының 2-тармағына сәйкес "электрондық үкіметтің "гепорталы" ақпараттандыру объектілеріне сынақтар жүргізу үшін олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне жұмыс жүргізуге уәкілетті органға өтінім берілді.

Гепорталды ақпараттандыру объектілерін олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау жүргізгеннен кейін, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (МЖК ААЖ), "жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі (ЖМТ МДҚ), Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі (ХҚКО АЖ) интеграцияланғаннан кейін облыстық мақсаттағы 3 пилоттық қала бойынша өнеркәсіптік пайдалануға енгізілетін болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы өңірлік Геоақпараттық жүйенің дерекқорын кеңейту және Алматы қаласының маңындағы 5 аудан орталығында (Ұзынағаш, Қаскелең, Өтеген Батыр, Талғар, Есік қалалары) Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жоспарланған, облыстық бюджет қаражатынан 272,6 млн.теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу үшін бірыңғай ұйымдастырушыға ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті атына  өтінім жолданды.

Дата публикации
11 декабря 2020
Дата обновления
11 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы