Меню

Страницы

Статья

Қандай банк шоттарына қол сұғуға болмайды?

Арнайы шот – бұл қарыз алушының қарыз бойынша мерзімі өткен берешегі болған жағдайда ондағы қаражат үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан толық көлемде қорғалған банк шоты. Арнайы шоттарды, мысалы, мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақылар және өзге де төлемдер алатын, алимент алатын адамдар немесе білім беру жинақтау салымдарының иелері аша алады.

 

Арнайы шоттар заңмен қорғалады

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында 2019 жылдан бері:

  1. Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған;
  2. Кәмелеттік жасқа болмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды бағып-қағуға арналған алименттерге;
  3. Азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақ ақшалары төлемдеріне;
  4. Білім беру жинақтау салымдарына арналған шоттардан ақша өндіріп алуға тыйым салынған.

 

Арнайы шотты қалай ашуға болады?

Арнайы шот ашу үшін жеке басты куәландыратын құжаттан басқа банкке арнайы шоттың мақсаты көрсетілген өтініш беру қажет.

Алимент алатын адамдар алимент өндіріп алу туралы сот актісінің көшірмесін қоса береді. Тұрғын үй төлемдерін есептеу үшін азаматтар ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алатындығы туралы анықтама қағазын ұсынулары қажет.

 

Қаржылық қызметтерді тұтынушылар нені білу қажет?

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес алу үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің:

  • +7 (727) 237 1000 (жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) жедел желі телефоны бойынша;
  • info@finreg.kz электрондық поштасына;
  • «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы хабарласуға болады.

 

Дата публикации
09 декабря 2020
Дата обновления
09 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы