«Қант диабеті бақылауда!» Ұлттық бағдарламасы аясында және қоғамның назарын қант диабеті мен оның асқынуынан туындаған проблеманың өзектілігіне аудару, халықтың өз денсаулығы үшін бірлескен жауапкершілігін арттыру, қант диабетін дер кезінде анықтау, қант диабетінің алдын алу бойынша ақпараттық-ағарту жұмыстары жүргізілді.
276 адамды қамтыған 11 іс-шара ұйымдастырылды: оның ішінде 2 семинар - 43 адам, пікірталас - 35 адам, дебат - 24 адам, конференция - 58 адам, дәріс - 19 адам, дөңгелек үстел - 12 адам, акция - 50 адам, конкурс - 12 адам, тақырыптық сабақ - 7 адам, викторина - 26 адам.Теледидар мен радиода 66 рет аудио/бейне роликтер ойнатылды. 23 үнпарақ таратылды. 12000 ұялы байланыс абоненттеріне WhatsApp хабарламалары жіберілді. NUR.kz интернет-порталында баннерлік жарнама орналастырылды.