Алкогольді зиянды тұтыну салдарынан Дүниежүзінде жыл сайын 3 миллион адам көз жұмады, бұл барлық өлім-жітімнің 5,3% құрайды.
Аурулар мен жарақаттанудың жалпы әлемдік ауыртпалығының 5,1% алкогольді тұтыну себебімен байланысты.
Алкогольді тұтыну салыстырмалы түрде ерте өлімге және мүгедектікке әкеледі. 20-39 жастағы адамдар арасында барлық өлімнің шамамен 13,5% алкогольге байланысты.
Алкогольді шамадан тыс тұтынудың алдын алу және «Салауаттылық өмір салты!» Ұлттық бағдарлама аясында 862 адам қамтылған 34 түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды: семинар- 9/284, дискуссия – 4/93, диспут – 1/35, конференция – 1/50, дәріс - 4/170, дөңгелек үстел – 3/16, конкурс –4/70, спорттық шаралар – 1/21, тақырыптық сабақтар – 6/71, викторина – 1/52.
Радио және ТВ арқылы аудио/видео роликтер 398 рет көрсетілді, 23 мың дана үнпарақ таратылды.