Меню

Страницы

Статья

Егер әртүрлі жағдайларға байланысты кредит бойынша төлем кестесі бұзылса не істеу керек?

  1. Егер әртүрлі жағдайларға байланысты кредит бойынша төлем кестесі бұзылса не істеу керек?

Кредит берушімен «жасырынбақ ойнау» қажет емес. Егер кезекті төлемнің мерзімі өтіп кетсе және түрлі себептермен кейінге қалдырылса, онда Сіз дүрбелеңге түсіп, банктен жасырынуға тырыспаңыз, сондай-ақ кешіктіру фактісін елемей қоймаңыз.

  1. Бірінші кезекте не істеу керек?

Банкке өтініш жазу. Қарыз алушы мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде банкке шарттың талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтініш беруге, сондай-ақ мерзімін өткізіп алудың туындау себептері туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат беруге құқылы.

  1. Банктің жауабы қандай болады?

Өтінішті алғаннан кейін 15 күн ішінде банк ұсыныстарды қарайды және жазбаша түрде:

* ұсыныстармен келісетіні туралы;

* шарттарды өзгерту бойынша өз ұсыныстары жайлы;

* шарттарды өзгертуден бас тарту және мұндай бас тарту себептері туралы хабарлайды.

  1. Банкке өтініш жасаудың қандай пайдасы бар?

Банкке уақтылы жүгіну қарыз алушының оң кредиттік тарихын сақтауға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар әрі қарай банктің іс-әрекеттеріне сот тәртібімен дау айтылған жағдайда, борышкердің бұл іс-әрекеттері оның пайдасына есептелуі мүмкін.

Дата публикации
19 ноября 2020
Дата обновления
19 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы