Денсаулық сақтаудың ең өзекті мәселелерінің бірі-қан айналымы жүйесінің аурулары. Өмір салтына енгізілген дұрыс өзгерістер атеросклерозды баяулатуы мүмкін, осылайша миокард инфарктісі, инсульт, жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия және шығу тегі әртүрлі кардиомиопатиялар сияқты аурулардың алдын алады. Салауатты өмір салтына бет бұру ешқашан кеш емес.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бойынша онкүндік аясында 400-ден астам адамды қамтитын 18 іс-шара өткізілді. Радио мен теледидарда, ЛЭД экрандар арқылы қоғамдық орындарда артериялық гипертонияның, жүрек – қан тамырлары ауруларының алдын алу бойынша аудио/видео роликтер көрсетілімі ұйымдастырылды. 10 850 буклет әзірленді. 10 000 ұялы байланыс абонеттеріне инфаркттың алдын алу юойынша ватсап-жіберілімдер таратылды. Артериялық гипертонияның алдын алу бойынша баннерлік жарнама әзірленді және NUR kz интернет-порталында орналастырылды.