Әлемде жылына 20 миллион адам инсульт алады. Тірі қалғандардың төрттен бір бөлігі мүгедек болады немесе уақытша жұмыс қабілетін жоғалтады. Инсульт профилактикасының (алдын алудың) негізі - ең алдымен, әрбір науқаста аурудың даму қаупі факторларын есепке алу және оларды үнемі түзету. Қауіп факторлары бар адамдар сол жастағы және жыныстағы адамдарға қарағанда жиі ауырады. Мидың жедел және созылмалы тамырлы ауруларының даму қауіп факторлары: артериялық гипертензия, жүрек аурулары, темекі шегу, алкогольді шамадан тыс тұтыну, төмен физикалық белсенділік, дұрыс тамақтанбау және семіздік, қант диабеті, психоэмоционалды стресс (стресс). Инсульт- емдеуден алдын-алуы оңай ауру. Сондықтан уақтылы диагноз қою, салауатты өмір салтын ұстану және алдын-алу осы аурудан болатын өлім-жітімді төмендетудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Инсульттың алдын алу бойынша адамдардың ақпараттылық деңгейін жоғарылату мақсатында және «Біліңіз-ұзақ өмір сүріңіз!» атты Ұлттық бағдарлама аясында 16 іс-шара ұйымдастырылып, 253 адам қамтылды. Радио және теледидарда аудио/видео роликтер көрсетілді.