Меню

Страницы

Статья

Қаржы пирамидасына тап болдыңыз ба – қаржы реттеушісіне хабарлаңыз!

Қаржы алаяқтары азаматтарды алдауын жалғастыруда. ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті 2020 жылдың басынан бері еліміздің аумағында қаржы пирамидаларын құру туралы 35 фактінің анықталғанын мәлімдейді. ҚР Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша осы жылдың өзінде Қазақстанда  8,3 мыңнан аса интернет-алаяқтық тіркелген.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) «Fingramota Online» мобильдік қосымшасында «Қаржы пирамидалары және қаржылық алаяқтық» деген жаңа бөлім ашылды.

Бұл бөлімде мобильдік қосымшаны пайдаланушылар қаржы пирамидаларының немесе қаржылық алаяқтық белгілері бар компаниялардың қызметіне қатысты жедел консультациялар ала алады. Сонымен бірге пайдаланушылар күмәнді ұйымдардың қызметіне қатысты кеңестер алып, өздері тап болған алаяқтық схемалары туралы, әлеуметтік желілердегі, онлайн-топтардағы күмәнді сілтемелер, аккаунттар туралы және өзге де алаяқтық фактілері, оның ішінде қаржы пирамидаларының құрылуы туралы хабарлай алады.

Агенттік құқық қорғау органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп қаржы пирамидаларының немесе қаржылық алаяқтық белгілері бар және атауында не қызметінің сипаттамасында қаржы нарығына қатысы бар терминдер пайдаланылатын (депозит, инвестициялық компания, қаржы консультанты, акциялар, бағалы қағаздар және т.б.) ұйымдарды анықтау жөніндегі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтеміз. Бұл ұйымдар қаржы ұйымдарына жатпайтынын ескеріңіздер, себебі оларда уәкілетті органның лицензиясы жоқ және/немесе есептік тіркеуден өтпеген, тиісінше, қаржы реттеушісінің тарапынан реттелмейді, бақыланбайды және қадағаланбайды.

Fingramota.kz депозиттер түрінде ақша тарту не қаржы құралдарына инвестициялауды жүзеге асыру лицензияланатын қызмет түрлеріне жататынын, оларды екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы және бағалы қағаздар нарығына қатысушылар (брокерлер-дилерлер және басқарушы компаниялар) ғана жүзеге асыра алатынын еске салады. 

Қаржы реттеушісінің лицензиясы бар ұйымдар туралы ақпарат Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылған. Азаматтардың уәкілетті органның лицензиясы жоқ ұйымдармен өзара қатынас жасауы айтарлықтай қаржылық тәуекелдерге алып келеді.

«Fingramota Online» мобильдік қосымшасын Агенттік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 338 қаулысымен бекітілген Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020 - 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 25 маусымда іске қосты.

Бұл мессенджер халықтың Агенттікпен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауына арналған.

Пайдаланушылар мессенджер арқылы 24/7 режимінде олардың қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретіндегі құқықтарының, қаржы өнімдерін пайдалану талаптарының бұзылуына, сондай-ақ қаржы ұйымдарымен өзара іс-әрекет жасауға қатысты сұрақтарды қоя алады, қаржылық алаяқтық жағдайлары және қызметінде қаржы пирамидаларының белгілері бар күмәнді ұйымдар туралы хабарлай алады. Осылайша, мобильдік қосымшада 14 тақырыптық айдар берілген. Мессенджерді мыналардан жүктеп алуға болады:

- App Store-дан: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211

- Play Market-тен:

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals.

Сондай-ақ «Fingramota Online» web-нұсқасы да қолжетімді, оған смартфонның емес, дербес компьютердің көмегімен сұрақтар қойып, оларға жауаптар алуға болады.

Дата публикации
30 октября 2020
Дата обновления
30 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы