Меню

Страницы

Статья

Ақпараттық хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық заң) 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралдары сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2020 жылғы 4 желтоқсаннан кешіктірмей) хабарлануға және жариялануға тиіс.

Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың үгіттік материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын эфирге және баспа алаңына ақы төлеу мөлшері, ұсыну шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін ұсына алмайды. ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабына сәйкес заңнаманың осы нормасын бұзу лауазымды адамдарға - 30 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер - Орталық сайлау комиссиясына, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде аумақтық сайлау комиссияларына берілуге тиіс.

Анықтама: аумақтық сайлау комиссияларының байланыстары мына электрондық сілтеме бойынша орналасқан: https://www.election.gov.kz/rus/tercomms/

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Баспасөз қызметі

тел. 75-21-03, 75-23-69

a.khusainova@election.gov.kz

v.zheksembekova@election.gov.kz

https://t.me/electionelection

 

Дата публикации
29 октября 2020
Дата обновления
29 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы