Меню

Страницы

Статья

Күнтізбелік жоспар

Алматы облыстық

сайлау  комиссиясының

2020 жылғы 22 қазандағы № 172 қаулысына қосымша

 

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының

кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

  

1. Сайлау округтерін құру және сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып,  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Алматы облыстық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2020 жылғы 31 қазаннан кешіктірмей

                 (14-б. 6) т., 22-б.)

 

2. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                        

 

Алматы облыстық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2020 жылғы 31 қазаннан кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)                   

          3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                  

 

Алматы облысының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей

2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірмей  

 (23-б. 5-т.)

         

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Алматы облыстық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірмей  

 (17-б. 2-т.)

 

5. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды ұсыну

 

Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы

Сайлау күнінен екі ай бұрын басталады және сайлау тағайындалған кезде белгіленген мерзімде аяқталады

2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы      4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады

                    (103-б.)

6. Алматы облыстық сайлау комиссиясына партиялық тізімді, саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзіндіні, азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініштерімен бірге және тіркеу үшін басқа да қажетті құжаттарды ұсыну

 

Саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) 

2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады

                                                              (103-б. 3,4-т, 5-т.)

 

7. Партиялық тізімдерге енгізілген Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Алматы облыстық сайлау комиссиясы

Саяси партия партиялық тізімді ұсынғаннан кейін

 

(102-б.)

8. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Партиялық тізім тіркелгенге дейін

   (104-б. 2-т.)

9.  Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу

 

Алматы облыстық сайлау комиссиясы

Сайлау күнінен екі ай бұрын басталады және сайлау тағайындалған кезде белгіленген мерзімде аяқталады

2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады

    (104-б.)

          10. Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу туралы хаттаманы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Алматы облыстық сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

    (104-б. 5-т.)

11. Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Алматы облыстық сайлау комиссиясы

Партиялық тізімдер тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                          (104-б. 6-т. 1-тт.)

 

12. Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

 

Алматы облыстық сайлау комиссиясы

Саяси партия сенім білдірілген адамдардың тізімін ұсынғаннан кейін

 (14-б , тт.8), 31-б.)

 

13. Партиялық тізімге енгізілген кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

   (104-б. 2-т.)

 

14. Саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу   

 

Алматы облыстық сайлау комиссиясы

Партиялық тізім тіркелгеннен кейін  

     (34-б. 6-т.)

 

15. Бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партиялардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                               

 

 

Алматы облыстық сайлау комиссиясы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысымен   бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 20 тамызда № 870 тіркелген) Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларына сәйкес айына екі рет

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

                                

 

 

 

 

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық

сайлау комиссиялары

Үгіт басталғанға дейін, 2020 жылғы 10 желтоқсанға

дейін

      (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу                                                                                                          

 

 

Партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

          18. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

      (28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                    

 

Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2020 жылғы 21 желтоқсанға дейін

(26-1 б. 1-т.)

 

20. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

 

                             

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда

2020 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей

  (26-б. 1-т.)

         

21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                             

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін  

              (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

         22. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау күніне дейінгі жеті күннен кешіктірмей

2021 жылғы 3 қаңтарға дейін      

(38-б. 1-т., 3-т.)

 

23.  Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2021 жылғы 7 қаңтардан ерте емес және 9 қаңтарға   дейін

(37-б. 3-т.)

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

 

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

25. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

29. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгілеу                        

 

Алматы облыстық сайлау комиссиясы

Сайлау өткеннен кейін екі  күннен кешіктірмей                                                                                    

2021 жылғы 12 қаңтардан кешіктірмей

(14-б.  9) т, 44-б. 2-т., 108-б.2,3-т)

 

30. Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау

   

 

31.  Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындылары  туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Алматы облыстық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2021 жылғы 17 қаңтардан кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

 

32.  Сайланған Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                           

 

Алматы облыстық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)                

33. Алматы облыстық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру

 

 

 

 

 

Саяси партиялар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен

кешіктірмей

(34-б. 9-т.)

          34. Саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Алматы облыстық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде

       (34-б. 4-т.)

           

         

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

Дата публикации
26 октября 2020
Дата обновления
26 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы