Қаржы реттеушісінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап берілді
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде азаматтардың және екінші деңгейдегі банктер өкілдерінің Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) барысы және іске асырылуы туралы сауалдарына жауап берді. Біз олардың кейбірін жариялаймыз.
Сіз жиі қойылатын сұрақтарға барлық жауаптарды мына сілтемеден таба аласыз: https://fingramota.kz/credit/refinancing/.
Сұрақ: Бағдарламаның 2-бөліміне сәйкес атқарушылық жазба болған жағдайда қарызды қайта қаржыландыру мүмкін бе?
Жауап: «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрi - Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңы) 55-бабына сәйкес атқарушылық құжаттар бойынша өндiрiп алу борышкердiң ақша сомаларына, оның iшiнде банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда тұрған ақша сомаларына да қолданылады.
Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 9-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес атқарушылық жазба сот актiлерiнiң негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтармен бірге атқарушылық құжаттарға жатады.
Жоғарыда айтылғандарды, сондай-ақ Бағдарламаның 2-бөлімінің 17-тармағының 10) тармақшасын ескере отырып, Бағдарламаның 2-бөлімі шеңберінде қайта қаржыландыруға Бағдарлама шеңберінде бұрын қайта қаржыландырылған, олар бойынша атқарушылық жазба бар, қарыз алушы (кепіл беруші) құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша сатып алған жылжымайтын мүлік, тұрғын үй ғимаратының (пәтер) аяқталмаған құрылысындағы үлес түрінде кепілмен қамтамасыз етілген қарыздар жатады.
Сұрақ. Бағдарламаның 2-1-бөлімі шеңберінде өтелуге тиіс қарыз бойынша негізгі борыштың қалдығы сот актісі шығарылған күнгі бағам бойынша немесе сот актісімен белгіленген бағам бойынша айқындала ма?
Жауап: Бағдарламаның 2-1-бөлімінің 17-12-тармағына сәйкес, Бағдарламаның 2-1-бөлімі бойынша қосымша көмек көрсету шеңберінде өтеу сомасын айқындау үшін қарыз бойынша негізгі борыштың қалдығын айқындау Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы қарыздың шетел валютасына қатысты ресми бағамы бойынша айқындалады.
Сот актісі 2015 жылғы 18 тамызға дейін ұлттық валютада шығарылған шетел валютасындағы қарыз бойынша негізгі борыштың қалдығы Ұлттық Банктің сот актісі шығарылған күнгі қарыздың шетел валютасына ресми бағамы бойынша айқындалады.
Бұл ретте, егер сот актісінде ұлттық валютаның шетел валютасына бағамы көрсетілген жағдайда, онда негізгі борыш сомасын сот актісінде көрсетілген бағам бойынша айқындаған жөн.
Сұрақ. Егер банктің ішкі кредиттік саясатында Бағдарлама шарттарының қарастырылмауына байланысты Бағдарламаның 2-1 бөлімі бойынша банк қосымша көмек көрсетуден бас тартса, бұл ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын бұзу бола ма?
Жауап: Бағдарламаның 2-1-бөлімінің 17-13-тармағына сәйкес қосымша көмек көрсету тетігі банкке, ҚИК-ке, ұйымға қарыз алушының/жалға алушының қаржылық және әлеуметтік жағдайын талдау негізінде оны қолдану құқығын ұсынады. Банк, ҚИҚ, ұйым ішкі саясатты ескере отырып, қарыз алушыға/жалға алушыға қатысты қосымша көмек көрсету шараларын қолдану туралы шешім қабылдайды.
Бағдарламаның 17-7-тармағына сәйкес қарыз алушының қаржылық жағдайына талдау жүргізу және төлем қабілеттілігін айқындау кезінде банк, ҚИК, ұйым үшінші тұлғалардың, оның ішінде қоса қарыз алушының, кепілгердің, кепіл берушінің қарыз шарты/кепіл шарты бойынша кірістерін ескермейді.
Қарыз алушының төлем қабілеттілігін айқындау кезінде мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ алименттер кіріс ретінде танылмайды.
Осылайша, Бағдарламаның 2-1-бөлімінің 17-7 тармағының көрсетілген талаптарын ескере отырып, банктің тиісті ішкі құжаттарымен анықталған банктің ішкі саясаты Бағдарламаның талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Бағдарламаның талаптарын сақтамай, оның ішінде қарастырылатын шешімдерді қабылдау Бағдарлама талаптарын бұзу болып табылады.