2026 жылғы 4 тамызда Қонаев қаласында Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Өтемісов Шавхат Әнесұлының қатысуымен Қонаев қаласының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.

Семинардың негізгі мақсаты – учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру, сайлау заңнамасы нормаларының бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету және 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды сапалы ұйымдастыру мен өткізуге жан-жақты даярлау.


