Меню

Страницы

Статья

«Вирусты гепатиттің алдын алу»

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2022–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 945 қаулысы, 2026 жылғы 11 наурыздағы № 162 қаулысымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы «Денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығының» ұйымдастырушылық-әдістемелік жетекшілігімен халықтың вирустық гепатит туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған «Гепатит: Кедергілерді жою» ұранымен Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні өткізілді.

Бүгінгі таңда вирустық гепатитті жоюға қажетті барлық құралдар қолжетімді: тиімді вакциналар, дәл диагностика әдістері, С гепатитін толық емдеп жазуға қабілетті препараттар, сондай-ақ аурудың өршуіне жол бермейтін, өмірді сақтап қалатын және бауыр циррозы бен обырының қаупін азайтатын В гепатитіне қарсы өмір бойына жүргізілетін терапия.

Вирустық гепатиттің алдын алу туралы халықтың хабардарлығын арттыру, салауатты өмір салты мен қауіпсіз мінез-құлыққа деген тұрақты ұмтылысты қалыптастыру, сөйтіп инфекция жұқтыру қаупін барынша азайту және аурудың таралу деңгейін төмендету мақсатында 110 іс-шаралар ұйымдастырылып, 3,9 мыңнан астам облыс тұрғындары қамтылды. Соның

ішінде 20 тақырыптық сабақ (468 қатысушы), 3 акция (358 қатысушы), 17 семинар-тренинг (682 қатысушы) және 24 спорттық іс-шара (834 қатысушы) 46 ашық есік күндері (1647 қатысушы).

Дата публикации
05 августа 2026
Дата обновления
05 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы