Меню

Страницы

Статья

Туберкулездің алдын алу – миллиондаған адамдардың өмірін сақтайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының бағалауы бойынша туберкулез бактериясымен әлемнің төрттен бірі жұқпаланған. Бұл адамдар ауыру емес және ауруды жұқтырмайды. Алайда, олардың туберкулезбен ауыру қаупі жоғары, әсіресе иммунитеті әлсіз болса. Бұл санаттағы тұлғалармен профилактикалық терапияны жүргізу аурудан қорғауға ғана емес, сонымен қатар тұрғындар арасында жұқпаны тарату қаупін де төмендетуге мүмкіндік береді.  

Бүгінгі күні де туберкулез әлемде жұқпалы аурулар өлім-жітімінің жетекші себепшісі болып қалуда. 2018 жылы жер бетінде 10 миллион адам туберкулезге шалдығып, 1,5 миллион адам осы аурудан көз жұмды.

«Өзіңді туберкулезден қорға» Ұлттық бағдарлама шеңберінде 85 түрлі түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, 1306 адам қамтылды, соның ішінде семинар – 18/468, дискуссия -9/66, диспут – 2/12, конференция -2/105, дәріс– 15/229, дөңгелек үстел -15/94, акция – 1/35, конкурс -12/152, спорттық шаралар – 5/32, тақырыптық сабақтар-3/28, викторина 3/15.

Аудио және видео роликтер теледидар мен радиода 150 рет көрсетілді. 23 мың үнпарақ шығарылды. NUR. Kz интернет-порталында баннерлік жарнма шығарылды.

 

Дата публикации
20 октября 2020
Дата обновления
20 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы