Жеке адамның денсаулығын сақтау және қоршаған ортадағы заманауи адамның өмір сүру сапасын жақсарту, қоғам назарын онкопатологияның ауыртпалығын төмендетудің жаһандық проблемасына аудару, онкологиялық аурулардың алдын-алу және ерте анықтау бойынша тұрғындардың хабардарлығын арттыру, уақытылы скринингтік тексерулер жүргізу қажеттілігі туралы халықты хабардар ету мақсатында «Біз бірге қатерлі ісікке қарсы!» атты Ұлттық бағдарлама өткізілді. Семинар, дискуссия, конференция, дәріс, дөңгелек үстел, конкурс, тақырыптық сабақтар, викториналар ұйымдастырылып, 378 адам қамтылды.
Радио мен теледидарда, жарықдиодты экрандар арқылы қоғамдық орындарда аудио / видео роликтер көрсетілді.
Қатерлі ісіктің алдын алу бойынша 23000 парақша, сүт безі қатерлі ісігінің алдын-алу бойынша 5000 плакат шығарылды.