Облыс әкімдігімен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру, оның ішінде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, мемлекеттік және қосалқы қызметтердің 301 түрін көрсетеді.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша 5 млннан астам қызмет көрсетілді (2025 ж. 1 шілдесіне – 5 691 464).
Мемлекеттік қызметтердің 90,8% денсаулық сақтау, 2% ветеринария 1,9% жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына тиесілі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі олардың көрсетілуін бақылау болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың есепті кезеңінде барлығы 117 бақылау іс-шаралары өткізілді.
Бақылау іс-шаралары барысында 2064 бұзушылық анықталып, нәтижесінде 31 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша өткізілген іс – шаралардың жалпы саны 1 147 құрады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан қызмет көрсетуге жауапты 41 қызметкер өтті.
Мемлекеттік қызметтер мониторингі барысында 116 ұсыныс берілді.