Меню

Страницы

Статья

«Әйел&Бизнес: Жаңа Дәуір». 

          2026 жылғы 24 маусым күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Н. Тілендиев атындағы мәдениет үйінде «Әйел&Бизнес: Жаңа Дәуір» атты  Алматы облыстық әйелдер форумы өтті.

         Іс-шараны Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық кәсіпкерлер палатасы Іскер  әйелдер кеңесімен бірлесіп ұйымдастырды.

        Ауқымды іс-шара әйелдердің кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға, жаңа мүмкіндіктер мен серіктестіктер орнатуға бағытталды.

       Шара барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов құттықтау сөз сөйлеп, іскер әйелдердің өңір экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

        Форум аясында «Әйел. Шабыт. Кәсіп» көрмесі ұйымдастырылып, әйелдердің қоғамдағы және экономикадағы рөлі, кәсіпкерлікті дамыту, көшбасшылық      пен өңірлік даму мәселелері кеңінен талқыланды.

        Аталған форум белсенді әйелдерді бір алаңға тоғыстырып, жаңа идеялар мен бастамалардың жүзеге асуына серпін берген маңызды кездесуге айналды.

Дата публикации
26 июня 2026
Дата обновления
26 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы