Меню

Страницы

Статья

Денсаулық - өмірдің басты капиталы!

Салауатты өмір салты – денсаулықты нығайтуға және аурулардың дамуын болдырмауға бағытталған мінез-құлық пен әдеттер. Ол физикалық белсенділікті, дұрыс тамақтануды, жаман әдеттерден бас тартуды және эмоционалды тепе-теңдікті сақтауды қамтиды. Мамандардың пікірінше, негізгі ережелерді сақтау жүрек-қан тамырлары ауруларының 80% және қатерлі ісіктің 40% алдын алады.

Салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты сақтау мен нығайту сұрақтары бойынша халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында «Салауатты өмір салты апталығы», отбасылық денсаулық фестивалі, «Дұрыс тамақтану – жеңіл өмір сүру!» акциясы, «Қаптаманың артқы жағындағы өнім құрамын оқыңыз, тұзы жоғары өнімдерден аулақ болыңыз» деген үндеумен тұз тұтыну туралы халықтың хабардарлығын арттыру айлығы, дұрыс тамақтану мәселелері бойынша бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен білім беру ұйымдары деңгейінде семинар-тренингтер ұйымдастырылып, 1700 адам қамтылды. Сонымен қатар, Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні (17 мамыр), Халықаралық балаларды қорғау күні (1 маусым), Дүниежүзілік темекісіз күн (31 мамыр), Дүниежүзілік тіс жегісіне (кариеске) қарсы күрес күні (4 маусым) шеңберінде ұйымдастырылған түрлі шараларға 42 мыңнан астам облыс тұрғындары қатысты.

Веб-сайтта, әлеуметтік желілердің беттерінде темекі тұтынудың алдын алу, дұрыс тамақтану қағидаттары, қант, тұз, трансмайларды артық тұтынудың зияны, таза су ішу, тағамдық талшықтар мен жасыл дәнді нан тұтынуды көбейту тақырыптары бойынша инфографика, бейнероликтер орналастырылды. Облыстық «Алатау Арайы» газетінде «Темекі өнімдерін тұтынуды азайту, қоғамда 100% түтінсіз ортаны енгізу, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу» туралы мақалалар жарияланды.

 

Дата публикации
22 июня 2026
Дата обновления
22 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы