Меню

Страницы

Статья

Ішкі аудит қызметінің жүргізілген жұмыстары туралы есеп

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Мемлекеттік аудит объектілерінің 2026 жылға арналған бекітілген тізбесіне сәйкес Ішкі аудит қызметімен Алматы облысының білім беру саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдарда 9 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде бірінші тоқсанда – 5, екінші тоқсанда – 4 аудит өткізілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 187,1 млн теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 16,2 млн теңге, ал рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 170,9 млн теңге.

Аудиторлық есептердің қорытындылары қаралғаннан кейін аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою және Ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын қарау туралы шешімдер жолданды. Ұйым басшыларына берілген ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз ету, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ заңнама талаптарының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау тапсырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылды. Бюджет кірісіне 16,2 млн теңге өтелді. Бухгалтерлік және бюджеттік есепті жүргізуге, сондай-ақ қаржылық және бюджеттік есептілікті жасауға байланысты бұзушылықтар тиісті түзетулер енгізу және есепті қалпына келтіру арқылы 170,9 млн теңге сомасына жойылды.

Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша аудит объектілерінің 23 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 11 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 2,2 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Аталған қаражат толық көлемде бюджетке өндірілді.

Жалпы, Ішкі аудит қызметінің жұмысы бұзушылықтарды анықтау мен жоюға ғана емес, олардың қайталануына жол бермеуге, қаржылық тәртіпті нығайтуға, бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін арттыруға және білім беру саласында олардың нысаналы әрі ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Дата публикации
22 июня 2026
Дата обновления
22 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы