2020 жылдың 01 қазанына мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер бойынша жоспар 397 300 млн.теңге болса, түсім 401 717 млн.теңгеге түсіп, жоспар 101,1% пайызға орындалды, жоспардан тыс 4 418 млн.теңге түсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсім 36 287 млн.теңгеге артып, өсу қарқыны 109,9 пайызды құрады.
Жергілікті бюджет бойынша жоспар 180 167 млн.теңге болғанда, түсім 203 613 млн.теңгеге түсіп 113,0 пайызға орындалды, жоспардан тыс 23 446 млн.теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 43 296 млн. теңгеге артып, өсу қарқыны 127,0 пайызды құрады.
Республикалық бюджет бойынша жоспар 217 133 млн.теңге болғанда түсім 198 105 млн.теңгеге түсті немесе орындалуы 91,2 пайыз, жоспардан кем 19 028 млн. теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 7 009 млн.теңгеге кем түсті, өсу қарқыны 96,6% құрады.
Жоспардың орындалмауының және түсімдердің төмендеуінің негізгі себептері:
- коронавирус індетінің таралуына байланысты, нәтижесінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жоспар 90 348 млн.теңге болғанда 72 184 млн.теңге түсім түсіп, 79,9 пайызға орындалды, жоспардан кем 18 164 млн.теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 2 282 млн.теңгеге кем түсіп, өсу қарқыны 96,9 пайызды құрады;
- "Джей Ти Ай Қазақстан" ЖШС бойынша ЕАЭО елдерінен сигарет импортының 47% - ға немесе 1 787 мың дана темекіге төмендеуі, 10 857 млн. теңгеге темекі өнімдері бойынша акцизден түсетін түсімінің төмендеуіне себеп болды;
- ағымдағы жылдың басынан бастап жергілікті бюджетке шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін корпоративті табыс салығының түскен сомасы 13 096 млн. теңгені құрады;
2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда келесі салық түрлері артып отыр:
республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығынан 9 922 млн. теңгеге, ҚР аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін акцизделетін өнімнің өзге түрлерінен 3 004 млн.теңгеге, резидент емес үшін қосылған құн салығынан 1 262 млн.теңгеге, ҚР аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін спирттiң және шарап материалының, алкоголь өнімдерінің барлық түрлерi акцизден 824 млн.теңгеге, РФ және БР аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа, ҚР аумағына импортталатын темекі өнімдерінен 654 млн.теңгеге, ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығынан 577 млн. теңгеге.
жергілікті бюджетке темекі өнімдері бойынша акцизден 27 651 млн. теңгеге, жеке табыс салығынан 3 156 млн. теңгеге, әлеуметтік салығы 2 342 млн.теңгеге.
Ағымдағы жылдың басынан мемлекеттік бюджетке 13 477 төлеуші бойынша 10 212,9 млн. теңгеге қосымша түсім қамтамасыз етілді.
Қосымша түсімдер келесі салық түрлері бойынша өндірілді:
- корпоративтік табыс салығынан 2 293,3 млн. теңге;
- кедендік төлемдер мен салықтардан 2 252,4 млн. теңге;
- жеке табыс салығынан 642,8 млн. теңге;
- әлеуметтік салығынан 412,4 млн.теңге;
- заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салығынан 423,5 млн. теңге;
- айыппұлдан 84,7 млн. теңге;
- басқасы 939,2 млн.теңге.
2020 жылдың 1 қазанына салықтар бойынша бересі 6 015 млн.теңгені құрады, 2020 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 1 847,3 млн.теңгеге немесе 44% өсті (2020 жылдың 1 қаңтарына бересі 4 167,7 млн.теңгені құрады).
Аумақтық басқармалармен барлық борышкерлерге қатысты мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары күнделікті қолданылады.
Қолданылған шаралар нәтижесінде өткен жылдар берешегі 2 153 млн.теңгеге төмендеді, онын ішінде 1 458 млн.теңге сомасына бересі ақшалай өндірілді.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және оның аумақтық бөлімшелері бұқаралық-түсіндіру жұмысы туралы 01.10.2020 жылы жағдайы бойынша келесі жұмыстар атқарылды.
Жыл басынан түсіндірме сипатындағы 12178 іс-шара өткізілді. Оның ішінде:
– республикалық және аймақтық газеттерде 596 мақала жарияланған.
- alm.kgd.gov.kz департаментінің ресми сайтында және Facebook, Twitter, VK, Инстаграмм әлеуметтік желілер аккаунттарында және аудандар әкімдерінің ресми сайттарында 6780 ақпараттық материал орналастырылған, оның ішінде ақпараттық агенттіктердің сайттарында – 88 мақала ("Zakon KZ", "Тенгри Ньюс", "НУР.KZ", "Ақпарат Инфо",»деловой Казахстан»);
– республикалық және жергілікті теледидар бойынша ("Қазақстан" ТРК, "Атамекен", "Хабар", "24 КZ", "КТК", "Алматы ТВ" және "Жетісу" ТРК) - 14 сөз сөйлеу түсірілді;
- "Жетісу" ТРК және "ЕсКаТел" ТД жергілікті теледидар бойынша 2551 хабарлама жүгіртпе жолға орналастырылды;
- радио арқылы 2237 хабарлама болды;
Сонымен қатар 338 түсіндіру іс–шаралары, оның ішінде 182 семинарлар, 20 брифингтер, 79 дөңгелек үстелдер, 57 «Ашық есік күндері» өткізілді.
Ұлттық телеарналарда 2565 бағдарламалар түсірілімі жүргізілді, оның ішінде республикалық телеарналар бойынша – 14 және 2551 жергілікті арналарда хабарлама жүгіртпе жолға орналастырылды. Мысалы, «Хабар», «24 KZ», «КТК», «Алматы ТВ», «СТВ» республикалық телеканалдарында және жергілікті «Жетісу» ТК салық және кеден заңнамасындағы өзгерістері бойынша, «Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал» акциясы «Қоғамдық бақылау - түбіртекті талап ет !» акциясы және т.б.жаңалықтар мен басқа да арнайы бағдарламаларда үнемі түсіндіріліп отырады.
Салық және кеден заңнамасының нормаларын тұрақты негізде түсіндіру бойынша жұмыс аясында Алматы облысындағы МКД қызметкерлері Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы өткізетін Бухгалтерлер клубының отырыстарына және түрлі семинарларға қатысады. Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Өзара әрекеттестік аясында ай сайын Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында «Салық сағаты» өткізіледі, онда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық салу мәселелері бойынша кәсіпкерлерге кеңес береді.
Сонымен қатар, салық төлеушілерге және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға 03.06.2020ж. салық және кеден заңнамасына еңгізілетін негізгі өзгертулер мен толықтырулар туралы жұмыстары өткізілді. Атамекен ҰКП бірлесіп «Салық кодексі негізгі өзгерістер бойынша, төтенше жағдай кезеңінде салықтық жеңілдіктер туралы» және т.б. тақырыпта Инстаграмм парақшасында онлайн семинар өткізілді, түсініктемелер берілді, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдың 4 тоқсанына келесі міндеттерді белгіледі: