Меню

Страницы

Статья

Қызметалушылармен кездесу өтті

Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 7-9 қазан аралығында Жамбыл, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Ұйғыр, Панфилов аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының мамандары және шетелдік жұмыс күшін тартушы мекемелері өкілдерінің қатысуымен дөңгелек стөл өткізді.

Кездесудің барысында шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты ережелер мен шарттарына: «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысына,  2016 жылғы 15 желтоқсандағы №802 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасы өңірлері арасында бөлу қағидаларына» және   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына" енгізілген өзгерістер жөнінде  түсініктеме берілді.

Басқарма қызметкерлері кездесулер барысында қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріп, қорытындысында сындарлы диалог жүргізілді.

Дата публикации
14 октября 2020
Дата обновления
14 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы