Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арасындағы қол қойылған Келісімді іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 28-29 мамыр күндері Жамбыл ауданы Мыңбай ауылында «Ауыл шаруашылығы жануарлары арасында туберкулез ауруы анықталған кезде әрекет ету» тақырыбында симуляциялық оқу-жаттығу өткізілді. Жауапты қызмет салаларынан 30 маман қатысып, 9 техника жұмылдырылды.
Оқу-жаттығудың нәтижесі аудан әкімдігі, ветеринария, санитариялық эпидемиологиялық, полиция, төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген жиында қорытындыланды. Жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларының алдын алуға бағытталған іс-әрекеттердің тәртібі, мүдделі органдардың өзара бірлесіп әрекет ету мәселелері пысықталып, талқыланды.