2026 жылғы 26 мамырда Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиев облыс тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында 9 азаматтың өтініші қаралып, жер қатынастары, тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, ауыз сумен жабдықтау, автомобиль жолдарын жөндеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыру, кәсіпкерлік және әлеуметтік мәселелер көтерілді.
Көтерілген мәселелер бойынша облыстық басқармаларға, аудан және қала әкімдіктеріне нақты тапсырмалар беріліп, орындау мерзімдері белгіленді. Азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, барлық тапсырмалардың орындалуы облыс әкімінің бақылауына алынды.