Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтарға кеңестер беріп, қаржы нарығы саласында қолданылып жүрген заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтарды қабылдайды.
Азаматтар:
- Қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы – Алматы қ., Панфилов к-сі. 98 мекенжайы бойынша әр сейсенбіде сағат 10:00-13:00 аралығында;
- аудиоконференциялық байланыс арқылы – әр жұмада сағат 10:00-13:00 аралығында қабылданады.
Жазылу үшін Yermek.Utemisov@finreg.kz электрондық мекенжайына мынадай деректерді жіберу қажет: Аты-жөні, ЖСН, байланыс деректері, қаржы ұйымының толық атауы, өтініштің қысқаша мазмұны және «Қабылдауға жазылу» деген тақырыбын көрсету қажет.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша азаматтардың өтініштеріне шұғыл ден қою мақсатында Агенттік 2020 жылғы 26 наурыздан бастап қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жедел желіні іске қосты. Агенттіктің жедел желі телефондары: +7 (727) 2788 122, 2788 144. Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.
Бүгінгі күні жедел желі арқылы қарыздар бойынша берешекті қайта құрылымдау, кредиттер бойынша төлеу мерзімін кейінге қалдыру, карантин кезеңінде қосымша қолдау көрсету шаралары және т.б. мәселелер бойынша азаматтардың 23,3 мыңнан аса өтініші қабылданып, өңделді.
Халықтың қаржы реттеушісімен жедел өзара іс-қимыл жасауы мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 338 қаулысымен бекітілген қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Агенттік 2020 жылғы 25 маусымнан бастап «Fingramota Online» мобильдік қосымшасын іске қосты. Пайдаланушыларға қолайлы болу үшін 13 тақырыптық айдар жасалды, жаңалықтар күн сайын жаңартылып отырады.
Осы мессенджер арқылы азаматтар 24/7 режимінде қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде өздерінің құқықтарының бұзылуына, қаржы өнімдерін пайдалану талаптарына, Тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды пайдалану талаптарына және басқаларына қатысты сұрақтар қоя алады.
Бүгінгі күні мыңнан аса азамат қаржы реттеушісіне «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы өтініш білдірген.
Қосымшаны мемлекеттік және орыс тілдерінде App Store-да: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211Play Market-те: https://play.google.com/store/apps/details сілтемелері бойынша жүктеп алуға болады.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес қаржылық қызметтерді тұтынушылар Агенттікке ресми өтініштерімен:
✅жазбаша түрде, курьер арқылы: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй мекенжайына, анықтама телефоны: +7 (727) 2619 200;
✅ info@finreg.kz, TAL@finreg.kz электрондық поштасы арқылы;
📶 ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Өңірлік өкілдер басқармаларына аумақтық тиістілігі бойынша (https://finreg.kz/?docid=197&switch=russian) жүгіне алады.