Меню

Страницы

Статья

Алматы облысы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының өткізілген кезекті отырысы

2026 жылғы 14 мамырда Қонаев қаласында Алматы облысы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысына облыс әкімінің орынбасары төрағалық етті. Оған комиссия мүшелері, облыстық басқарма басшылары, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары онлайн және офлайн форматта қатысты.

Күн тәртібінде кәмелетке толмағандардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт және судағы қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ жасөспірімдер арасында нашақорлықтың, алкоголизмнің және темекі шегудің алдын алу мәселелері қаралды.

Жиында облыстық білім, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінің өкілдері баяндама жасады.

Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Талғар аудандары мен Қонаев қаласындағы ахуал қаралып, жауапты әкім орынбасарларының есептері тыңдалды.

Отырыс барысында жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін күшейту, сауықтыру лагерьлерінің жұмысын ұйымдастыру, балаларды жұмыспен қамту, су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және профилактикалық жұмыстарды жандандыру мәселелері талқыланды.

Комиссия қорытындысы бойынша:
            – жазғы демалыс кезеңіне арналған ведомствоаралық профилактикалық іс-шаралар жоспарын күшейту;
            – балалардың судағы және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
            – тәуекел тобындағы жасөспірімдерді ерте анықтау;
            – ата-аналармен профилактикалық жұмысты жүйелеу;
            – құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар жүктелді.

           Қабылданған хаттамалық тапсырмалардың орындалуы облыс әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауда болады.

 

Дата публикации
19 мая 2026
Дата обновления
19 мая 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы