Елімізде қазан айында - қалыптасқан дәстүр бойынша Халықаралық Қарттар күні мен Мүгедектер күні атап өтіледі. Осыған байланысты, Әлеуметтік қолдау айлығы аясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қарамағындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында түрлі қайырымдылық шаралары өткізілуде.
Атап айтқанда, 9 қазан күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М. Мұрат қатысқан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығында «Қарттарды құрметтейік» атты ертеңгілік ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Рухы мықты жандар» атты мерекелік іс-шараға басқарма басшысы М.Мұрат пен Текелі қаласы әкімінің орынбасары С.Лепесов қатысты.
«Шапағат» орталығында мерекелік іс-шара қызмет алушы тұрғындардың қолымен жасалған көрмемен басталып, мүмкіндігі шектеулі жандармен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен аяқталды.
Арнайы келген қонақтар жүрекжарды құттықтау сөздерін жеткізіп, бағалы сыйлықтарын табыстады.