Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.
Есепті кезеңде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 1 отырысы өткізіліп, оның барысында 3 мәселе қаралып, 21 ұсыным әзірленді. Барлық ұсынымдар орындалды.
«Битрикс» жүйесінде № 4 Үлгілік базалық бағыт «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» бағытын іске асыру бойынша 3 жоба құрылып, оларға ағымдағы жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат енгізілді.
Облыстық басқармалар мен квазимемлекеттік ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің 2026 жылға арналған кестесі әзірленді.
Бекітілген кестеге сәйкес 15 ішкі талдау жүргізілді. Нәтижесінде 6 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, 6 ұсыным әзірленді, қазіргі уақытта оларды жою бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
2026 жылдың басынан бастап 2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары жоспарын іске асыру аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтарға консультациялық, әлеуметтік және медиативтік көмек көрсетуге бағытталған кешенді жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.
Есепті кезеңде түрлі форматтағы 80-нен астам ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық іс-шара өткізілді.
Халықпен 20-дан астам кездесу мен диалог алаңы, азаматтарды қабылдау бойынша 15 жеке және қоғамдық қабылдау, 10-нан астам консультациялық іс-шаралар мен ашық есік күндері, сондай-ақ құқықтық мәдениетті арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған 10 профилактикалық және ақпараттық акция ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек, шамамен 8 семинар мен форум, 10-нан астам көшпелі консультациялар мен білім беру ұйымдары және еңбек ұжымдарындағы түсіндіру кездесулері, сондай-ақ прокуратура, полиция, адвокатура, нотариат, үкіметтік емес ұйымдар мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен 15-ке жуық іс-шара өткізілді.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға ерекше назар аударылды.
Тегін құқықтық, психологиялық, әлеуметтік және медиативтік көмек көрсетіліп, дауларды сотқа дейін реттеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, алаяқтықтың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Мобильді топтардың қызметі ұйымдастырылып, профилактикалық есепте тұрған отбасылардың тұрғылықты жеріне бару жүзеге асырылды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және жастардың құқықтық мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті ақпараттық сүйемелдеу мақсатында:
- бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы шамамен 250 материал жарияланды;
- қоғамдық орындарда, білім беру ұйымдарында және көлік нысандарында 120-дан астам тақырыптық баннерлер, билбордтар мен ақпараттық стендтер орналастырылды.
Жүргізіліп жатқан жұмыс халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы хабардарлығын арттырып қана қоймай, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениет пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыруға ықпал етуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті ақпараттық сүйемелдеу және авторлық материалдарды жариялау жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Бүгінгі таңда аудандық және қалалық баспа басылымдарында Жамбыл, Қарасай, Талғар, Райымбек аудандары мен Қонаев қаласы әкімдерінің авторлық мақалалары жарияланды.
Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша уақтылы ақпараттандыру мақсатында барлық мемлекеттік органдар ғимараттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы арнайы ақпараттық стикерлер орналастырылды.
2026 жылдың 1 тоқсанында әдеп жөніндегі уәкілмен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша шамамен 5 түсіндіру және профилактикалық іс-шара өткізілді. 12 мемлекеттік қызметшіге консультациялық көмек көрсетіліп, 2 азаматқа жеке қабылдау жүргізілді, профилактикалық іс-шаралармен 126 мемлекеттік орган қызметкері қамтылды.
Алдағы уақытта жұмыс 2026 жылға арналған Алматы облысы бойынша түрлі мақсатты топтар деңгейінде ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жалғасатын болады.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Алматы облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімі