2020 жылғы 18 қыркүйекте Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына 25 жыл - "Құтқарушылар күні" мерекесі аясында "25 мың құтқарылған өмір" атты республикалық донорлық қан тапсыру акциясын іске қосты.
Республикалық акцияны қолдау мақсатында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері ағымдағы жылдың 6 қазанында осы іс-шараға қатысып, донорлық қанды Алматы облысының "Талдықорған қаласының облыстық қан орталығы" МКК-на тапсырды.
Донорлық қан-бұл жоспарлы емдеу кезінде де, шұғыл көмек көрсету кезінде де құнды ресурс. Оның арқасында өмірге қауіпті патологиясы бар науқастар ұзақ өмір сүре алады және өмір сүру сапасы жоғары болады. Донорлық қан күрделі медициналық және хирургиялық процедураларда да қажет болуы мүмкін. Түрлі төтенше жағдайлар кезінде жараланғандарды емдеу кезінде қан құюдың өмірлік маңызы бар.
Әрбір қан донациясы кем дегенде бір құтқарылған өмірге тең. Өтеусіз донорлық көптеген пациенттер үшін денсаулық кепілі, ал кейде өмірін жалғастыру болып табылады. Донор болған әрбір адам өзінің тірі бөлігін беріп, сол арқылы басқа адамның өмірін сақтайды.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері күн сайын адамдарды құтқарады, төтенше жағдайларды жояды, өрттерді сөндіреді, құтқару операцияларын жүргізеді. Адамдарды құтқару-олардың борышы. Сондықтан да бүгін Алматы облысы ТЖД қызметкерлері адамдардың өмірін құтқару ісіне өзінің кезекті үлесін қосып, шетте қалмады.
Донорлық бір реттік іс – шара болмауы тиіс, донорлық біздің әрқайсымыз үшін тұрақты негізде азаматтық борышқа айналуы тиіс, өйткені өз отандастарымыздың өмірін құтқару және көмек-бұл әрбір адам ұмтылатын нәрсе.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі