Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының Қоғамдық кеңесінде басқармалар мен департаменттердің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары тыңдалды

Алматы облысының Қоғамдық кеңесінде басқармалар мен департаменттердің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары тыңдалды.

Кеңес отырысының І бөлімі аясында облыстық басқармалар мен департаменттердің алдағы жылға арналған жұмыс жоспарлары қаралды.

Атап айтқанда, келесі мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдерінің баяндамалары тыңдалды:
1. Алматы облысы Жер қатынастары басқармасының басшысы Аманжол Кенесбайұлы Абдрахманов – 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы баяндама жасады.
2. Алматы облысы Архитектура және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Димаш Рашидұлы Сыдықов – басқарманың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын таныстырды.
3. Алматы облысы Су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы Саят Маратұлы Қараласов – алдағы жылға жоспарланған негізгі бағыттар туралы баяндады.
4. «Алматыоблсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысының орынбасары Мадияр Мұхаметқалиұлы Мұхаметқалиев – кәсіпорынның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын ұсынды.
5. Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Болатбек Өскенбайұлы Дүйсенов – департаменттің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Кеңес мүшелері ұсынылған жоспарлар бойынша пікір алмасып, бірқатар ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың тиімділігіне ерекше назар аудару қажеттігі атап өтілді.

Дата публикации
06 марта 2026
Дата обновления
21 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы